Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау 1 желтоқсаннан бастап Астана уақытына ауысады – фейк

Маңғыстау 1 желтоқсаннан бастап Астана уақытына ауысады – фейк


Фото: aikyn.kz

Маңғыстау 1 желтоқсаннан бастап Астана уақытына ауысады деген – нақтыланбаған ақпарат. Мәселе егжей-тегжейлі зерделенгеннен кейін шешім қабылданады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақай Мусалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде 1 желтоқсаннан бастап өңір уақыты елордалық уақытқа ауысады деп хабарлама тарады. Яғни ақтаулықтар Маңғыстау уақыты 1 сағат алға жылжиды деген ақпаратқа сенді. Осыған орай Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесіне сәйкес аталған мәселе егжей-тегжейлі зерделеніп, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқыланғаннан кейін қабылданады», – деді Ақай Мусалиев.
01 желтоқсан 2023 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031