Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 адамның өлімі: Жертөледе орналасқан Алматы хостелінде көбіне шетелдіктер тұрған

13 адамның өлімі: Жертөледе орналасқан Алматы хостелінде көбіне шетелдіктер тұрған

Алматыда өртке оранған хостелден эвакуацияланған адамдардың басым бөлігі шетел азаматтары, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, эвакуацияланған адамдардың көбі шетелдіктер.

«Хостел әкімшілігінің сөзінше, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары. Араларында қазақстандықтар да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр», – деді ол.

Сонымен қатар департамент басшысы өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлім етті.
«Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл, негізі, заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да»,- деді Нұрлан Атығаев.

Белгілі болғанындай, Астанадан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ұшып шықты.
Еске салайық, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.

Дәрігерлер өрттен зардап шеккен 2 адамға көмек көрсетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.
Оқиға орнынан 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.
30 қараша 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930