Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль мен ХАМАС арасында уақытша келісім басталды

Израиль мен ХАМАС арасында уақытша келісім басталды


Фото: Adel Hana

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, деп хабарлады DW.

Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы төрт күндік гуманитарлық келісім таңғы сағат 7.00-де (Астана уақытымен сағат 11.00-де) күшіне енді.

Ол Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде жан-жақты атысты тоқтатуды, содан кейін кепілге алынған 240-тан астам адамның үштен бірін босатуды көздейді.

Осы уақыт ішінде кепілге алынған израильдік 50 және палестиналық 150 тұтқын – әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылуы керек.

Бітімге Катар делдал болып отыр. Келісімге сәйкес, ХАМАС ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де (Астана уақытымен сағат 20.00-де) босатылады. Израиль кепілге алынғандардың аты-жөнінің тізімін алғанын растады.

Катардың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджед әл-Ансаридің айтуынша, төрт күнде 50 адам босатылады. Кепілге алынғандардың кем дегенде 35-і балалар, олардың 18-і ХАМАС шабуыл жасаған кезде 10 жаста немесе одан кіші болған.
24 қараша 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31