Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде әскерге 130 мың адам шақырылады

Ресейде әскерге 130 мың адам шақырылады


Фото: © ТАСС / Юрий Смитюк

Ресейде күзгі әскери шақырылым болып жатыр. Ол қазан айында басталған. Әскерге шақыру 31 желтоқсанға дейін болады. Осы уақыт аралығында 130 мың адамды әскерге алу жоспарланған.

Baza Telegram-арнасының мәліметіне қарағанда, Ресейдің жастарының арасында армиядан жалтарып жатқандар саны көбейіп келеді.

Әскерге бармау үшін елден қашып жатқандар да бар. Олар «Әскерге бару деген аты ғана. Шын мәнінде ол қанқасап соғыстың ортасына түсу» деп санайды. Ал кеше  әскери комиссариатқа шақырылған Мәскеудің 23 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салды. Ол өз-өзін өлтірер алдында әскери комиссариатқа шақыру қағазын алғанын, әскерге барғысы келмейтінін айтқан. Содан кейін Марксист көшесінде орналасқан «Выстрел» деген клубта басына тапаншаны тіреп, шүріппесін басып жіберген, – деп хабарлады Baza.

Telegram-арнада хабарланғандай, қазір Ресейде әскеге барудан абс тартқандарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін де Украинаға қарсы соғысқа барғысы келмей, елден қашқандарға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы сөз болған еді. Сонымен бірге Ресей билігі әскерге барудан жалтаратындарға, бұйрықты орындамайтындарға, әскери бөлімді өз бетімен тастап кететіндерге қылмыстық жауапкершілікті қатайтып, көп жылға дейін бостандығынан айыратын болған.
21 қараша 2023 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031