Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бұрынғы президенті інісі Болат Назарбаевты еске алды

Қазақстанның бұрынғы президенті інісі Болат Назарбаевты еске алды


Сурет: nazarbayev.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштады. Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және діни қызметкерлер көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске алу асында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке жылы лебізі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Осындай ауыр сәтте біздің отбасымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, көптеген қазақстандық көңіл айтып, қайғымызды бөлісіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын», – деді Қазақстанның бұрынғы президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын еске алып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформалардың маңызын атады.

«Әр ұрпақтың өзінің жолы мен міндеті бар. Келесі ұрпақ та өзгеріс енгізеді. Өзгеріссіз даму жоқ, онсыз алға жылжи алмаймыз», – деді Н.Назарбаев.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің өркендеуінің, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі халықтың бірлігі екенін атап өтті.

2023 жылы 13 қарашада Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүние салды.
20 қараша 2023 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930