Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақконцерт» Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келді

«Қазақконцерт» Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келді


Алпыс жылдық тарихы бар «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы бүгін Сыр өлкесіне табан тіреді. Қазақ мәдениетінде тарихы алтын әріппен жазылған «Қазақконцерттің» бүгінгі шығармашылық кеші Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Қазақконцерттің» өнерпаздары БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

– Біз өткен жылдан бастап «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» деген жобаны қолға алдық. Жобаның басты мақсаты – шет аймақтағы елді мекендер мен моно қалалардағы өнер сүйер қауымға өзіміздің шығармашылық кешімізді өткізу болып табылады. Осы жоба аясында Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында шығармащылық кешімізді өткіздік. Бүгін қасиетті Сыр еліне келіп, «Қазақконцерттің» өнерін сағынған халықты өз әндерімізбен сусындатпақпыз. Концерт әрі қарай Байқоңыр қаласында жалғаспақ, – деді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ресми өкілі Ержан Алданазаров.

– Қазақ өнерінің қара шаңырағы Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келіп қалдық. Туған жерімде ән шырқаған кезде ерекше бақытқа бөленемін. Жалпы, бұл концерттік ұйымда жан-жақты жанрды қамтыған өнерпаздар бар. Сол себепті кеш қызықты өтеді деп сенемін, – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының» солисі Жеңіс Ысқақова.

– «Қазақконцерт» өнер ордасының тарихы Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Омарова, Н.Тапалова, Р.Бағланова, М.Хамзин сынды қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаған ірі тұлғалардың есімінен бастау алды. Кейін олардың қатарын Е. Рахмадиев, С.Тыныштығұлова, Ә. Есқалиев, С. Шүкіров, Г.Талпақова секілді көрнекті өнерпаздармен толықты. Бүгін Сыр сахнасындағы шығармашылық кештің куәсі болуға баршаңызды шақырамыз, – деді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалының директоры Ғазиза Ғабдрахимова.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
14 қараша 2023 ж. 236 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 106

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031