Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ-қытай шекарасында зілзала дүркін-дүркін қайталанып жатыр

Қазақ-қытай шекарасында зілзала дүркін-дүркін қайталанып жатыр


Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Каzinform.

Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.

Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді.
Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды.

Соңыра 01:34 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы жер сілкінді.  

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.8. MPV магнитудасы — 4.8. Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматы уақытымен 01:46-да зілзала тағы қайталанды. 

Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

Энергетикалық санаты — 9.9. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым.

Соңғы төрт зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
08 қараша 2023 ж. 454 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 21

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930