Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Ислам, Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров рингке бір күнде шығатын болды

Қанат Ислам, Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров рингке бір күнде шығатын болды


фото: akorda.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Осылайша, ол 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11 КО) жекпе-жек өткізбек.

Айта кетейік, Қанат Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспаған. Сол кезде Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23 КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.

16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі – Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО). Ол жекпе-жекке Алматыда шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.
27 қазан 2023 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031