Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды


Сурет: pixabay

18 қазанда еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
18 қазан 2023 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031