Шиелі командасы жеңімпаз атанды
Газетіміздің алдыңғы санында ««Алтын күз – 2023» спартакиадасы бастау алды» деген мақаламыз жарық көрген еді. Сол мақалада жарысты кеңірек талдап көрсеткен едік. 1 қазан күні спартакиада мәресіне жетті. Нәтижесінде Шиелі ауданы командалық есеп бойынша 1 орынды еншіледі.
Төрт күнге созылған ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2023» ХХХVІ облыстық спартакиадасы өз деңгейінде жоғары өтті. Спорттың 16 түрін қамтитын бұл сайыста аймақтың барлық аудандарының құрама командалары бақ сынасты. Негізгі мақсат – бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту мен тұрғындар арасында оларды кеңінен тарату, сондай-ақ ауыл жастарын спортқа баулып, патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

Қызығы мен шыжығы толы бәсекеге 1000-нан астам ауыл спортшылары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларды аудан әкімі Нұржан Ахатов пен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов құттықтап, марапаттарын табыстады.
Жалпы командалық есепте 1-орынды Шиелі ауданының командасы, 2-орынды Жалағаш ауданы, ал 3-орынды Жаңақорған ауданы жеңіп алды. Сонымен қатар кезекті спартакиада жалауын Шиелі ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Аруна Әзімхан Сырдария ауданының мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Төрәлиевке табыстады.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ