Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бибігүл Жексенбай ауруханаларды қаржыландыру мәселесін көтерді

Бибігүл Жексенбай ауруханаларды қаржыландыру мәселесін көтерді


Фото: 365mag.ru

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) тарапынан ауруханалар мен емханаларға тиісті деңгейде қаржы бөлінбей жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенатор депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.

Оның айтуынша, көптеген емдеу мекемесінде қордан бөлінетін сома жылдан жылға 60%-дан 80%-ға дейін төмендеп бара жатыр. Медициналық ұйымдардың шығындарын оңтайландыруына қарамастан, қаржыландыру тапшылығына байланысты кредиторлар алдында берешек пайда болған. Салдарынан олар қалыпты жұмыс істей алмай отыр әрі жаңа технологияларды енгізе алмайды, қызметкерлерді ынталандыруға да мүмкіндік жоқ.

Бұл жағдай бөлінген қаржы көлемін ӘМСҚ тарапынан әдейі төмендету ғана емес, сондай-ақ әрбір емделген жағдайға арналған қолда бар тариф нақты бір науқасқа арналған шығынды өтемейтініне байланысты. Бұл жағдайдың бәрі ӘМСҚ тарапынан кесте сызықтары бойынша қиындатылады, ол тіпті шұғыл қызмет көрсету кезінде де қолданылады, - деді Бибігүл Жексенбай.

Сенатор мәселені шешу үшін Үкімет басшысына ұсынылған жылдық өтінімге сәйкес, ӘМСҚ тарапынан қаржыландыруды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасын біріктіруді ұсынды.

Өйткені ақша әрдайым бір топтамадан жұмсалмайды. Тіпті, қаржы басқа топтамада мүлде жетіспей қалады. Науқастарды емдеуді тек негізгі диагноз бойынша емес, сондай-ақ жанама ауру үшін де дәрігерлерге ақы төлеу маңызды.

Науқаста негізгі аурудан және ілеспе патологиядан басқа сырқат болса, үдеме және жанама аурулар үшін де ақы төлеу қажет. Мысалы, науқас пневмония диагнозымен ауруханаға түседі, тариф бойынша 120 мың теңге бөлінеді, ал ол науқаста ілеспе патология, қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да патология бар. Олар ӘМСҚ-дан төленбейді. Себебі тек негізгі диагноз ғана жіктеуге алынады. Ал емдеу мекемесі 120 мың теңгенің орнына осындай пациентке, барлық ілеспе ауруларын емдеуге 300-500 мың теңге жұмсайды, - деді сенатор.
28 қыркүйек 2023 ж. 153 0