Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда су шаруашылығы маманы жеткілікті ме?

Қазақстанда су шаруашылығы маманы жеткілікті ме?


Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның 10 жоғары оқу орны су шаруашылығы мамандарын даярлайды. Биыл салаға қажетті маманды даярдау үшін 410 мемлекеттік грант бөлінген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елімізде жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Көп жылдар бойы су шаруашылығы саласы түрлі министрліктердің құрамында болды. Соңғы жылдары елдегі өзен-көлдер тартылып, құрғақшылық болғаннан кейін су шаруашылығының проблемалары туралы жиі айтыла бастады.

Соның ішінде кадр тапшылығы өзекті мәселенің бірі. Жақында өз алдына министрлік құрылған соң, салаға қажетті маман жеткілікті ме деген заңды сұрақ туындайды. Осыған орай, жоғары оқу орындарының еңбек нарығына қажетті cу шаруашылығы мамандығын дайындауын саралап көрдік.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, елдегі 10 жоғары оқу орны су саласы бойынша кадрлар даярлап жатыр. Олар: 
  1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
  2. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
  3. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  4. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
  5. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  6. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
  7. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
  8. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
  9. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  10. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.
Аталған университеттерде кадр «Су шаруашылығы», «Су ресурстары» бағыттары, сондай-ақ пәнаралық бағдарламалар «IT-технологияларды пайдалана отырып су ресурстарын басқару», «Сумен жабдықтау және кәріз» және т.б. шеңберінде оқытылады. Алайда су саласы үшін инженер-мамандарды даярлау тек М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде магистратура және докторантура деңгейлерінде «Гидротехникалық құрылыс және құрылыстар» білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 
2022 жылы «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағыты бойынша 256 түлек (бакалавр, магистратура, докторантура) оқып шыққан. Биыл осы мамандық бойынша 224 түлек білім алды.
Сонымен қатар министрлік 2023-2024 оқу жылдарында аталған  мамандық бойынша қанша мемлекеттік грант бөлінгенін де айтты. Жаңа оқу жылына «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағыты бойынша – бакалавр мамандарын даярлауға – 328 грант, магистратураға –  70 грант, докторантураға – 12 грант бөлінген. 
Бұған қоса, университеттерде осы мамақтық бойынша оқу ақысы қанша тұратынын да сұрадық. Алайда министрлік білім беру ұйымдарының оқу ақысын өздері бекітетінін алға тартты. 
Жоғары оқу орындарында оқу ақысы жыл сайын коммерциялық емес акционерлік қоғамның хаттамасымен бекітіледі. Мысалы, осы су мамандарын дайындайтын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023-2024 оқу жылына «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағыты бойынша бакалаврда оқу ақысы 496 000 теңге, магистратурада оқу 500 000 теңге,  докторантура оқу 1 100 000 теңгені құрайды, - деді министрлік. 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Электронды еңбек биржасындағы су шаруашылығы мамандарының жалақысы 70 мың теңгеден басталады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы су өткізушіге осындай жалақы ұсынып отыр. Сондай-ақ Алматы облысындағы «Балқаш Таза су» коммуналдық мекемесі 80 мың теңге жалақыға құдықтар мен арналарды тазартатын маман іздеп жатыр. Еңбек нарығында сұраныс жоғары маман – ол сантехник. Алайда ұсынып отырған орташа жалақы 90-100 мың теңгенің маңайында.
26 қыркүйек 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031