Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрдемақы төлемінде қандай өзгеріс?

Жәрдемақы төлемінде қандай өзгеріс?


Сурет ашық дереккөзден

Биыл 20 сәуірде ҚР Әлеуметтік кодекс қабылданып, ол 1шілдеден бастап қолданысқа енген болатын. Әлеуметтік кодексте балалы отбасыларды қол­дау­дың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылған. Бұл жаңа параметрлер мемлекеттік қолдаудың ауқымын кеңейтуді көздейді.

Соның бірі – бала туғанда берілетін жәрдемақы 1,5 жасқа толғанға дейін ұзартылуы көп ананың қуануына сеп. Бұрын жасқа толмаған баласын қалдырып жұмысқа шығуға мәжбүр болса, енді оның күтіміне көбірек көңіл бөледі. Бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істеймейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Бұл төлемді 2023 жылдың 1 қаңтарынан дүниеге келген және былтыр туған, бірақ әлі 1,5 жасқа толмаған балалары бар отбасылар да алады. Мәселен, 2022 жылы қазанның 30-да туған баланың жәрдемақы төлемі биылғы жылдың қазан айына дейін беріледі.
Облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының міндетін атқарушы Төрахмет Жолымбетовтің берген мәліметінше, мұндай төлем алушылар саны 30 мың 800-ді құраған. Бала туған кезде байланысты төленетін жәрдемақының екі түрінің мөлшері де биылғы жылдың қаңтарынан бастап өскен. Айталық, бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы өткен жылы 1-сәуірде 120840 теңгені құраса, жыл басынан бастап 131100 теңгені құрайды немесе 10260 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туғанда 217350 теңгеге немесе 17010 теңгеге артқан.  
Ал, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері биыл қаңтардан бастап бірінші балаға – 19872 теңге, екінші балаға – 23495 теңге, үшінші балаға – 27083 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда – 30705 теңгені құрайды.
Жыл басынан АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы артты. Бұған дейін облыс бойынша 16946 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған ана  22080 теңге мөлшерінде бірдей жәрдемақы алатын. Кодекс қолданысқа енгеннен бастап жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК дейін арттырылды. Биылғы шілдеден бастап облыс бойынша 6733 төлем алушыға жәрдемақы мөлшері қайта қаралып, оның мөлшері 25530 теңгені құрады.
Сонымен қатар, облыс бойынша көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны 34111 отбасы алады. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының мөлшері 4 балаға – 55304 теңге, 5 балаға – 69138 теңге, 6 балаға – 82973 теңге, 7 балаға – 96807 теңге, 8 және одан көп балаға – 110400 теңге мөлшерінде төленеді.
«СБ» ақпарат
26 қыркүйек 2023 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930