Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс прокурорын жаңа қызметке шығарып салды

Облыс прокурорын жаңа қызметке шығарып салды



Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында әріптестері Қызылорда облысының прокуроры болған Нұрлан Бижановты жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.

2019 жылдан бері Қызылорда облысының прокуроры қызметін атқарып келген Бижанов Нұрлан Дәуренұлы Астана қаласына ротация тәртібімен басқа қызметке ауысты.
Аймақ басшысы Нұрлан Дәуренұлының бастамасымен өңірде ауқымды жұмыстар атқарылғаны, түрлі заң бұзушылықтар жойылып, мемлекет қазынасына қаражат қайтарылғаны үшін оған алғыс білдірді.
«Нұрлан Дәуренұлы жауапкершілік жүгі ауыр қызметтік міндетін атқаруда өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті зор басшы ретінде көрсетті. Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтап, заң үстемдігін жоғары қойды. Тарқатып айтқанда, прокуратура жүргізген 456 тексеру қорытындысымен 8147 бұзушылық анықталып, оның шеңберінде 2 324 ұсыныс, 479 наразылық енгізілді. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бюджетке 11 млрд. теңге қаржы өндіріліп, 1,5 млрд. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды. Бұл – ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарының пәрменді бақылауымен жыл басынан бері 138 мың гектар жайылымдық жер учаскелері анықталды. Бүгінде оның 41 мың гектардан астамы мемлекетке меншігіне қайтарылды. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында өңіріміз қылмыс деңгейі төмен 3 облыстың (Маңғыстау, Ұлытау) қатарынан көрініп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Күрделі салада атқарған жауапты қызметі мен елеулі еңбегі үшін Нұрлан Дәуренұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Актив отырысында құқық қорғау саласының ардагері Тастемір Рахимов, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов Нұрлан Бижановты құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2023 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031