Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы министрі күріш институтының жұмысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі күріш институтының жұмысымен танысты


Аймақ басшысы министрге күріш өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы – агротехнологияларды сақтаумен қатар, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету екендігін айтып, институт жұмысын жандандыруға қатысты ойларымен бөлісті. Бүгінде аймақта егілетін күріштің небәрі 3 пайызы ғана – отандық сорттар. Өкінішке орай, Қазақстандағы жалғыз күріш институты жаңа, бәсекеге қабілетті сорттар шығаруға қауқарсыз.

Оның негізгі себебі – институттың қаржылық және материалдық- техникалық жағдайының төмендігі. Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі күріш ғылыми- зерттеу институтының жарғылық үлесін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне беруді жоспарлауда.

«Біздің ойымызша, бұл университеттің ғылыми-зерттеу институтын жеткілікті қаржыландыруға мүмкіндігі болмайды. Құрметті Айдарбек Сейпілұлы, министрлік әзірлейтін тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына күріш тұқымы мәселесін қосуды және қолдауыңызды сұраймын», – деп атап өтті Нұрлыбек Машбекұлы.

Мекеме жұмысымен танысу барысында министр аталған мәселелердің мән-жайын зерделеп, алдағы уақытта шешімі қарастырылатынын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 қыркүйек 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728