Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан АЭС салғанымен, көмірден бас тарта алмайды – сарапшы

Қазақстан АЭС салғанымен, көмірден бас тарта алмайды – сарапшы


Фото: Halyq Uni

Қазақстан атом электр станциясын салғанмен көмірден бас тарта алмайды. Бұл туралы «Байдильдинов. Нефть» бағдарламасының жүргізушісі, сарапшы Олжас Байділдинов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, елімізде АЭС-тің салынуы көмірді тұтынуға әсерін тигізбейді.

Қазір біз электр энергиясының 10%-ын Ресейден импорттап отырмыз. Егер біз оны алмасақ, аптасына бір күн жарықсыз отырамыз. Энергетика министрлігінің мәліметінше, (елімізде АЭС-тің іске қосылатын уақыты – автор) шамамен 2035 жыл болуы мүмкін. Тіпті, бір атом электр станциясының салынуы (электр энергиясына) импортқа тәуелділікті жоя алмайды. Бүгінде бізге электр энергиясына тапшылықты жою үшін 3 атом электр станциясы керек. АЭС жоқ дегенде 10 жыл салынады. Бұл Қазақстанда көмірдің тұтынуына әсерін тигізбейді, - деді Олжас Байділдинов «Қазақстан көмір өнеркәсібінің келешегі қандай?» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі электр энергиясының 70%-ы көмірден, 20%-ы газдан, 3%-ы жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны су көздерінен өндіріледі.

2021 жылы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд кВт/сағ болды.

Бұған дейін Үлкен ауылы тұрғындарының АЭС салуды қолдағаны хабарланған еді.
31 тамыз 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031