Жамбыл облысында құны 350 млн теңге вейптер тәркіленді
Фото: mungfali.com
Жамбыл облысында құны 350 млн теңге тұратын вейптер тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізген. Құрылғылардың жалпы саны – 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан аса вейп.
Ел аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдап жатыр. Нәтижесінде биыл тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 350 млн теңгеге жуық 175 мың дана болды.
Қылмыстық істер бойынша үкім шығарылғаннан кейін департамент аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.