Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кітап және кеңсе тауарлары 45%-ға қымбаттады

Қазақстанда кітап және кеңсе тауарлары 45%-ға қымбаттады



Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады, деп хабарлады turkystan.kz.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, кітаптар 15%, оның ішінде шет тілінің сөздіктері 15% қымбаттады. Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы — 99,6%, мектеп дәптері — 77,2%, сурет дәптері — 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы — 41,9%, шар қалам — 38,6% қымбаттады.

«Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қатты елордада қымбаттады: бір жылда 76,2%. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады», – делінген хабарламада.

Білім беруге келетін болсақ, 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, баға бір жылда 13% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі — 10,4%, орта білім — 8,3%, кәсіптік орта білім — 18,7%, жоғары білім — 14,4%, ересектерге арналған білім — 16% қымбаттады.

«Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: 26,3%. Одан кейін Қостанай (26,2%) және Ұлытау (25,9%) облыстары. Ал баға ең аз өскен өңір Жетісу облысы: бар болғаны 1,5%», – делінген хабарламада.
18 тамыз 2023 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930