Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЛА ӘКІМІ САЛА АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ САЛА АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ



Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов аймағымыздың коммуналдық шаруашылық саласына елеулі еңбек сіңірген Келдібай Бектұрғанұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

– Қаланың әлеуметтік-экономикалық, коммуналдық шаруашылығының дамуына қосқан Сіздің еңбегіңізге алғысымыз шексіз. Әрбір игі істеріңіз қашанда оңға басып, ел – қоғам алдында абыройыңыз арта берсін, – деді қала әкімі.

Сыр елінің дамуына қосқан үлесі үшін Келдібай Бектұрғанұлына қаламыздың ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.
Мерейтой иесі Келдібай Бектұрғанұлы 1943 жылы 15 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазіргі Ақсу елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары қызметінен бастап, қала әкімдігінің коммуналдық-шаруашылық бөлімінде көркейту көгалдандыру саласында бас маман және осы сала бойынша кеңесші қызметін абыроймен атқарған.

Бүгінде ардагер шығармашылық жолында қалам тербеп, «Ұстаздардың ұстазы» және «Ғибрат» атты туындыларын жарыққа шығарды. Облыс баспасөз басылымдарына тұрақты түрде патриоттық және адамгершілікке тәрбие беру бағыттарындағы мақалалары жарық көріп отырады.
16 тамыз 2023 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031