Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Қызылордада ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды



Қызылордада ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына 66 жастағы қала тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған. Оқиға 22 шілдеде, күндізгі уақытта болған. Белгісіз азамат оның жеке үйінің аумағына кіріп, Steels велосипедін ұрлап кеткен. Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” бұрын сотты болған 47 жастағы тұрғын ұсталды. Ұрланған мүлік өз иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
25 шілде 2023 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728