Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 облыста аптап ыстық болады – Қазгидромет

9 облыста аптап ыстық болады – Қазгидромет


Сурет ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, шілденің 17-сі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы боады. Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
17 шілде 2023 ж. 169 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 29

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930