Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайта қаралуда

Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайта қаралуда



Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап «Республикалык бюджеттен төленетін жәрдемақылардың және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жекеленген санатта алушылар қайта қаралып көбейтіледі.

Жәрдемақылардың көбейтілу себебі 2023 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі коэфицентінің және айлық есептеу көрсеткіш коэфицентінің өзгеруіне байланысты болып отыр.

Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 1шілде 2023 жылдан 14,5 пайызға қайта қаралып көбейтілді.

- Зейнетақы төлемі мүгедекттіке жеткізілген және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы;
- Жәрдемақы, Алтын алқамен марапатталған аналарға, бұрын батыр Ана және Ана даңқы 1-2 дәрежедегі марапатталған аналарға;
- Мемлекеттік әлеуметтік мүгедектігіне байланысты жәрдемақы;
- Мемлекеттік әлеуметтік асыраушысынан айырылған деректі жәрдемақы;
- Бала кезінен мүгедектерді бағып камқор жасап отырғандарға;
- 1-ші топ мүгедектерге күтім жасап отырғандарға;
- Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер еніп отырғандығын мәлімдейміз.

Ембергенов Ғалымжан Тынышбекұлы,
«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Шиелі аудандық бөлімінің басшысы
20 маусым 2023 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930