Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 жыл бір аймақты басқарған Даниал Ахметов тұрғындармен қоштасты

9 жыл бір аймақты басқарған Даниал Ахметов тұрғындармен қоштасты

Даниал Ахметов

Шығыс Қазақстан облысын тоғыз жыл басқарған Даниал Ахметов өңір тұрғындарымен қоштасты деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік – экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Және жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту, негізгі бағыттарын Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды. Бұл лауазымға Ермек Көшербаев тағайындалды.
16 маусым 2023 ж. 104 0