Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс тұрғындарының 84,2 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Облыс тұрғындарының 84,2 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған



Бүгінде МӘМС жүйесіне сақтандырылған өңір халқының үлесі 84,2 пайызды құрады. Сәйкесінше, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тегін медициналық қызмет алу көрсеткіші 5 есеге ұлғайып, оңалту қызметтерінің қолжетімділігі айтарлықтай артқан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаева хабарлады.

– МӘМС жүйесінің бір артықшылығы – азаматтар кез келген емханалар мен дәрігерлерді еркін таңдауға толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, осы қызмет арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа отырған жеке меншік клиникаларға да тегін тіркеле алады.

Жалпы облысымызда былтырғы жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 3,3 пайызға азайған. Бұл МӘМС жүйесінің оңтайлы қызмет көрсетуінің дәлелі десек болады. Соңғы 3 жылда зертханалық талдаулардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі 5 есеге артты. Сонымен қатар МӘМС жүйесі арқылы КТ мен МРТ көмегін алу біршама жеңілдетіліп, 47,8 мың қызметті құрады. Ал ересек пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қызметін алу екі есеге өсті. МӘМС жүйесінің тағы бір артықшылығы – халықтың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуы болып табылады. Осы арқылы облыста 600 мыңнан астам адам аталмыш қызметтің көмегіне ие болады. Елімізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша жұмыс істейтін медициналық қызмет көрсетушілер саны екі мыңға дейін өссе, Қызылорда облысында 107-ге дейін жоғарылады. Бұл өсім жеке клиникалардың есебінен болды. Бұл сапалы медициналық қызметтер өңір халқының денсаулығына оң әсерін тигізуде деп білемін, – деді Жұпар Алтынбекқызы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
08 маусым 2023 ж. 123 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 65

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам