Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқарма басшысы партия алаңында қабылдау өткізді

Басқарма басшысы партия алаңында қабылдау өткізді



Бүгін облыстық «AMANAT» партиясының алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылдауға келушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына берілетін гранттар мен балалардың жазғы демалысында лагерьмен қамту және жұмысқа қабылдау мәселелерін көтерді. Облыстың бас ұстазы өз кезегінде тұрғындарға колледждерге бөлінетін гранттар ең алдымен белгіленген 9 түрлі санаттағы талапкерлерге берілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, жұмысқа орналасу жаңа ережеге сәйкес конкурс арқылы жүргізілетіндігін түсіндірді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұруға қатысты бірқатар өтініштер мен мәселелер тыңдалды. Осы сауалдар бойынша тиісті басшыларға тапсырма берілді.

Айта кету керек, басқарма басшысы жазғы тынығу лагерьлеріне, колледждердегі грант бөлуге қатысты көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіледі деді. Осылайша сауалдардың оңтайлы шешілуіне білім бөлімдеріне тапсырма берілетіндігін жеткізді.
08 маусым 2023 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031