Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары




Жемқорлық деп – мемлекеттік басқару орындарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін айтамыз. Ал сыбайлас жемқорлық деп – параға сатып алу, жалған нәрсені ұйымдастыру, лауазымды адамдардың сатқындығы, азғыру, тура жолдан тайдыру, заңнан аттап өту деген түсінікті білдіреді. ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңында мемлекеттік қызметкер өз құзіреттерін жеке басының пайдасына пайдаланса заңмен қудаланытыны атап көрсетілгені баршамызға аян. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосуға міндетті.

Параны бермеуге және оны алмауға, мақсатты мүмкіншіліктерге өз күшіңмен жетуге дағдылану керектігін, пара алған және оны берген адамды көрген жағдайда жергілікті органдарға немесе ақпарат көздеріне хабар беру керектігін жастарымызға түсіндіру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана бұл әрбір адамның бойындағы адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, адамзаттың моральдық құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтарының шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы адам бойындағы мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуы үшін моральдық – адамгершілік қасиеттерді, идеологиялық, құқықтық шаралардың орнауын талап етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың адам бойында қалыптасуы үшін құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеудің нәтижесінде – сыбайлас жемқорлық бұзушылардың жолына тосқауыл қоюға әбден болады. Осы орайда жас кезінен балаға өзгенің ала жібін аттама, өзгенің нәрсесін рұқсатсыз алма, өзгелерге кесіріңді тигізбе, кісінің ақысын жеме деп үйрету керек. Адамның рухани жан – дүниесінде моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынасты қалыптастыра аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамдағы сана қалыптасқан соң рухани мәдениеттің басым жақтары айтарлықтай өз нәтижесін берері сөзсіз.
Сана қалыптасқан сәттен кейін мәдениеттің ақиқатты игеру тәсілі ретінде, тұтастық ретінде пайдасы барын білеміз. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті екендігіне көз жеткіземіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 7 негізгі шарасын атап өткені баршамызға мәлім. Атап айтар болсақ, азаматтардың құқығын қорғау, мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестігі, қоғамдық бақылауды күшейту, бюджеттік саясаттың ашықтығы, өңірлерді жемқорлыққа қарсы жұмылдыру, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру және бизнеске қысымды төмендету секілді іс-шаралардың нәтижелі жұмыс беретіндігін нақты айтты.

Мұндағы басты талап – жемқорлықтың қоғам үшін қауіпті де қатерлі індет екендігін әрбір қазақстандықтардың түсінуі, қауіпті дертті дер уақытында ауыздықтай білуге үлестерін қосуы. Ендігі мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, оны түбегейлі жою үшін жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру қажет. Ол үшін барлығымыз біріге отырып, бірауыздан күресуіміз керек. Сонда ғана жемқорлықтың жолын кесіп, індетті ауыздықтай аламыз деп ойлаймын.

«Параны ала білген, жоғарыға бере де біледі» деп Ермахан Шайхыұлы айтқандай, адамдардың санасында пара бермесек мәселе шешілмейді деген ұғымның қалыптасып қалғандығын білеміз. Осы ұғымнан арылту үшін адамдардың өзіне сенімділік қасиетін түрлі шаралар арқылы қалыптастыруға арналған жұмыстар атқаруға баршаңызды шақырамын!
31 мамыр 2023 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930