Зульфия Шалабаева: Төрт айда төрт спектакль қою – үлкен жетістік
Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім. Құлақтан кіріп, бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Қазақылығы бұзылмаған біздің ауданның мәдениет саласы да бүгінде руханияттың үлгісіне айналып отырғаны мәлім. Әсіресе өңірдің абыройын республикада асқақтатып жүрген Б.Қабылұлы атындағы мәдени шығармашылық орталығының шоқтығы биік. Осы орайда орталық директоры Зульфия Шалабаевамен аз-кем сұхбаттасқан едік.
– Алдымен біліміңіз, шығармашылық жолыңызға шолу жасасақ. Сіздің мықты сценарист екендігіңізге ешкім дауласа қоймас. Тағы да бір қырыңыз – режиссерлығыңыз. Оған бір ғана дәлел өткенде ғана Ақтөбеде өткен республикалық додада «Үздік сценография» номинациясын жеңіп алғандығыңыз. Сізге бұл қабілет қайдан келді?
– №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында оқып жүрген кезімде 8-сыныптан бастап «Тамаша» ойын-сауық отауы әртістерінің қойылымдарына еліктеп, сол кездің өзінде біз «скетч» атап кеткен, интермедияларда ойнап, көзге түстім. Іс-шараларды жүргізе бастадым. 9-сынып оқып жүрген кезімде менің мектеп сахнасындағы өнерімді көрген аудандық мәдениет үйінің режиссеры Әмина Қажықызы «Жадыра» ойын-сауық отауына сахнагер ретінде шақырды. Әр аптаның сенбісінде «Жадыра» ойын-сауық отауы міндетті түрде аудан халқына жаңа бағдарлама ұсынатын. Сол кездері елге біршама танылған Құрманбек Бекпейіс, Кенжебай Жүсіп ағаларымызбен сахнада қатар ойнап, өнер көрсеттім. Бірақ нақты өнерге бет бұрған кезім – 1997 жыл. Ол кезде мәдениет бөлімінде бас инспектор Әшімхан Орынбасарұлы еді. Бір күні ата-анам «Сені мәдениеттен іздеп келді, келсін дейді» деді. Барсам, Өскенбай Тәшенов бастаған бас-аяғы он шақты адам отыр екен. Сахнаға шығарып, түрлі тапсырмалар берді. Сөйтсем, бұл кісілер көркемдік кеңес мүшелері екен. Көркемдік кеңес құрамындағылар Әшімхан Оспанов, Махамбетқали Тұрсанов, Әлмырза Ноғайбаев, Арзулла Молжігітов, Әмина Тасболатова, Бөрібай Қоңқабаев, Серік Мелдебеков, Рабиға Байзақовалар екен. Мен көркемдік кеңес шешімімен жұмысқа қабылдандым. Студент екендігімді айтып едім, «0,5 штаттық бірлікте жұмыс істей бересіз. Тек жұма күндері келіп, концерт жүргізесіз, ән айтасыз, рөлдерде ойнайсыз» деді. Сөйтіп, осылай мәдениет саласына тағдырымды байладым десем болады. Содан бері осы салада қызмет етіп келемін.
Білімім – жоғары. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің режиссерлық факультетін бітіргенмін. Дәмеш Хамзақызы, Насимхан Камалқызы сынды оқытушылардан дәріс алдым.
Ол кісілердің алдынан қаншама мықты әртістер, сценаристер, режиссерлер шыққан. 17 талапкер болып оқуға қабылданып, 11-міз дипломды маман болып, бітіріп шықтық.
– Бірнеше жыл Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарғаныңызды білеміз. Ол жақты жатсынбадыңыз ба? Жалпы көрші аудан мен біздегі мәдениет саласында айырмашылық бар ма? Ол жақтан не үйрендіңіз, нені үйреттіңіз дегендей...
– Төсекте басы, төскейде малы қосылған, қарт Қаратауды пана тұтқан, Сыр ананың сағасында қатар отырған кезінде бір аудан болған қос ауданды бірінен-бірін бөліп-жаруға келмейді. Жаңақорған ауданына қызметке барған кезімде ол ауданды жатсындым деп айта алмаймын. Біздің мәдениет саласы кең ауқымды, бір-бірімен тығыз байланысты қажет ететін сала. Түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен байқауларда иық тірестіріп, бақ сынасып қатар жүрген әріптестерімнің ортасына тез сіңісіп кеттім деп ойлаймын. Екі ауданның мәдениеті мен өнері арасында айырмашылық жоқтың қасы. Жаңақорған ауданында Халық ақыны Манап болса, бізде ән еркесі Нартай, ол жақта режиссер Әмір Мәжитов болса, бізде Әмина Тасболатова, онда сөзден түйін түйген айтыскер ақын Есіркеп Қоңқабаев болса, бізде Махамбетқали Тұрсанов, бізде әнші-композитор Әлмырза Ноғайбаев болса, онда Бәден Айсынов, Құлахмет Нәлтаев сынды өнерге ұстаз бола алатындай тұлғалар Жаңақорғанның мақтанышы десек, Шиеліде Әшімхан Оспанов, Құрманбек Бекпейістей сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар болды. Тізбелей берсем өмірден өтіп кеткен, қазір ортамызда жүрген қаншама таланттар мен дарындар бар. Жалпы айналып келгенде айтарым, мәдениет саласының қай жанрынан болмасын осы екі ауданның бір-бірінен асып, салмақ басып жататын жері жоқ, пара-пар.
Біз шығармашылық адамдары эмоцияға ерік беретін мамандық иелеріміз ғой. Жанымыз жабырқаса тез жылап қаламыз, сәл нәрсеге жанымыз жадырап, қуанамыз. Мен де затым әйел болғаннан кейін бәрін жүрегіммен қабылдайтын жанмын. Кейде жұмыс барысында қатты кетіп қалатын кездерің болады. Орта мені тәрбиеледі. Мен жаңақорғандық әріптестерімнен үлкеннің алдында кішірейе білуді, кешірім сұрай білуді, солармен біте қайнаса жүріп көпшілік сахнасын қоюды, топтық, ұжымдық жұмыс ¬істеуді үйрендім. Әріптестерім «болмайды» деген сөзді білмеді. Қолдады. «Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» болып барған Зульфиядан олар мықты, білікті басшыны тәрбиелеп шығарды. Менің жаңақорғандық әріптестеріме алғыстан басқа айтарым жоқ.
– Керемет! Ал сіз қазір басқарып отырған Б.Қабылұлы атындағы мәдени-шығармашылық ұжым соңғы уақытта республикалық, аймақтық байқаулардан жиі бой көрсетіп жүргенін байқаймыз. Оның ішінде өнерпаздардың жекелей жетістіктері де бар. Осы туралы өзіңізден естісек.
– Расында біздің Шиелі ауданының өнерпаздары қай додаға бармасын қанжығасы майланып келеді. Биылғы жылы мен ерекше атап өткім келетіні – «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы. Биыл біздің ауданнан әр жанр бойынша 65 үміткерге облыстық байқауға жолдама берілсе, нәтижесінде ауданымыздан 5 үміткер халықаралық байқауға жолдама алып отыр. Сонымен қатар «Нартай Өнер мектебінен» Нұрберген Оспанов жетекшілік ететін «Дәстүрлі ән» үйірмесінің мүшесі Айқын Ерболатұлы биылғы жылдың ақпан айының 27-сі мен наурыз айының 16-сы күндері өткен «Qazaqstan дауысы. Балалар» телебайқауына қатысып, Нартайдың «Игигай» термесін орындап, байқаудың жартылай финалына жолдама алды. 11 мамыр күні сахна саңлағы Мейірман Нүрекеевтің 70 жылдығына орай өткізілген «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты дәстүрлі республикалық байқаудан «Жадыра» әзіл-сықақ отауы бас жүлдені иеленсе, «Жас қанат» республикалық байқауына жолдама алған кәсіпорын қызметкері Сафуан Көрегенов қазіргі таңда Алматы қаласында дайындық үстінде. Мереке қарсаңында «Шаттық» вокалды аспапты ансамблі Жамбыл облысы Меркі ауданында өтетін Меркі ауданының құрылғанына 95 жыл, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасқа толу мерейтойына және «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына орай «Думанды Меркі – өнердің көркі» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің (ВИА) аймақтық байқауында өнер көрсетуде. Жақында ғана Қостанай облысында өткен әзіл-сықақ отауларының «Мірдің оғы» атты республикалық байқауында 7 ¬облыстан жиналған 12 театрдың арасынан өнерпаздарымыз 3 орынды жеңіп алды.
Жалпы қандай да бір жетістікке жетіп, шығармашылық шыңдардан көрініп жатсақ артында аудан әкімдігінің қолдауы, мәдениет және спорт бөлімінің демеуі бар.
– Енді театрлық қойылымдарға тоқталсақ. Осыдан 3 жыл бұрын Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары «Жан дауа» драмалық спектаклін сахналаған болатын. Жүрекке жеткені соншалық әлі күнге кейіпкерлері көз алдымызда. Бірақ содан кейін мұндай спектакльді тек биыл ғана тамашаладық. Әрине, маман тапшылығы, уақыттың тығыздығы секілді факторлар бар екенін білеміз. Дегенмен қолдан келетініне көзіміз жетті ғой. Алдағы уақытта көрерменге рухани азық сыйлар спектакльдерді ұдайы ұсыну жоспарда бар ма?
– Бекітілген ережеге сәйкес Халық ¬театры белгілі бір уақыт аралығында Халықтық (Үлгілі) атағын қорғап отырады. Осы ретте, ақпан айының соңғы онкүндігінде ¬Меруерт Жомартова мен Досхан Ерболат бірлесіп Құрманбек Бекпейістің «Дүрбелең» спектаклін сахналап, аттестация комиссиясының назарына ұсынған болатын. Қойылым көрерменге жол тартпағанымен аттестация комиссиясы тарапынан жоғары баға алып, Халықтық атағын қорғап шықты.
27 наурыз – Халықаралық театр күнінде бұрын сахналанған драматург-жазушы, жерлесіміз Сұлтанәлі Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» пьесасы Меруерт Жомартованың режиссерлығымен жаңа актерлық құраммен көрерменге қайта жол тартқан болатын. Осы пьесамен ауыл-ауылды аралап, ақылы қызметке қаржы түсірдік. Негізінде осы спектакль халықтың, көрерменнің театрға деген көзқарасының оң қалыптасуына ықпал еткен дүние болды деп ойлаймын.
Ал үшінші спектакльге келсем, Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Театр – өнердің ұлы көші» атты республикалық халықтық театрлар фестиваліне автордың «Махаббат мұңы» спектаклі арнайы дайындалған болатын. Біз сәуір айының 8-ші жұлдызында аудан халқына аталмыш спектакльдің премьерасын ұсындық. Пьеса ретро бағытта сахналанды. Қоюшы режиссеры өзім болдым. Қойылымның көрерменнің көңілінен шығу себебі кез келген адамның жүрек түкпірінде «махаббат» деген сезім жатады. Сол махаббатқа деген сағыныш па екен не актерлық құрамның шеберлігі арқасында ма?... Ол жағы маған жұмбақ. Халық өте жақсы қабылдады. Жұмбағымның шешуі де сол болар, осы қойылым топ жарып, республикалық додада І орын, «Үздік сценография» номинациясын жеңіп алды.
Мамыр айының 6-шы жұлдызында жерлесіміз Сұлтанәлі Балғабаевтың «Бағаналы батыр – Тауасар» атты тарихи пьесасын сахналадық. Театрда драма, комедия, трагедия жанрларын сахналау жеңілдеу келеді де, тарихи спектакльді қою ауырлау. Себебі сол заманның кейіпкері болмағандықтан, қалай болар екен, тыныс-тіршілігін бере алмаймын-ау деген қорқыныш болды. Одан бөлек тарихшылар мен театр сыншылары бар дегендей. Кейде кейіпкерді ойнайтын актерлерді ауылдық мәдениет ошақтарынан алдырамыз. Олардың қатынауы, дайындықтың дер уақытында басталуы, бәрі-бәрі сағатпен, минутпен есептеулі болады. Олар демалыспен, мерекемен, уақытпен санаспай, бұл жұмысты да өздерінің негізгі қызметтерімен қатар алып жүреді. Әрине, театр тынысының кең ашылуына ауылдық клуб қызметкерлерінің, аудандық мәдениет үйі ұжымының, театр ұжымының үлесі зор. Тарихи қойылымды халық жақсы қабылдап, жылы лебіздерін білдірді. Меніңше, төрт айда төрт спектакль қою – үлкен жетістік.
Алдағы уақытта театр ұжымы жаңа қойылымдармен көрермендерін өз сахнасында күтетін болады. Қазіргі таңда Баянғали Әлімжановтың «Ойна да ойлан...» комедиясын сахналауға бет бұрып жатырмыз. Жыл соңына бұйыртса, психологиялық драма сахналасақ деген ойымыз бар.
– Шығармашылық адамдары арасында көреалмаушылық, қызғаныш секілді дүниелердің қатар жүретіні заңдылық. Сіз басқарып отырған мекеме – үлкен ұжым деуге болады. Қызметкерлеріңіздің арасындағы осындай сезімдердің шектен шықпай, ауызбіршілікте болуы үшін нені талап етесіз? Қызметтегі, өмірдегі ұстанымыңыз қандай?
– Жалпы ұжымымдағы ауызбіршілік мықты. Көреалмаушылық деген жоқ. Көреалмаушылық, бақталастық деген ол үлкен театр ұжымдарында, үлкен мәдениет ошақтарында болады-ау деп ойлаймын. Көбіне мұндай қасиеттер жастық жалынмен келген жастарға тән мінездер шығар. Бізде әртіс, әнші деген штаттық бірліктер жоқ. Тек өз қызметтеріне сәйкестендірілген міндеттері бар. Соған сай талап қойылады. Көреалмаушылыққа жол беретіндей мамандарда уақыт та болмайды. Ал ұжымды ауызбіршілікте, ынтымақта ұстап тұру маған ғана байланысты емес. Мен біріміз ұжымның ағасымыз, біріміз апасымыз, біріміз інісіміз, қарындасқа көрсеткендей қамқорлықты қыздарға көрсетіңдер, аға секілді ақыл айтыңдар, сәл тобығы тайып жатса, демеңдер. Бұл тәрбиенің басы, бір әулеттің баласындай болайық деп жиі айтамын. Тәуліктік 24 сағат уақыттың 10-12 сағаты әріптестеріміздің жанында өтеді. Сондықтан ұжымдағы ауызбіршілік, ынтымақ, жанашырлық маңызды. Мен ұжымыммен мақтанамын да, марқаямын да.
Ұстанымым – тақ пен табыттың иесі болмайды. Мынау бес күн жалған дүниеде мүмкіндігінше бір-бірімізбен сыйласып өтсек. Бүгінгі отырған тақ басыңнан бағың тайған күні сені тәрк етуі мүмкін. «Сіз» деген сыйластыққа, «сен» деген қимастыққа жақсы дегендей, сіз деп сыйласып өткенгене жетсін. Мені ұстап тұратын қасиет – қарапайымдылық. Бізді үлкендер – Махамбетқали, Арзулла көкелеріміз айналып, толғанып жүрді. Менде айналамдағыларды айналып, еркелетіп жүргім келеді. Қырықтың бесеуіне келіппіз. Бұл есейгендіктің белгісі шығар, білгенге. Жұмыс талап еткенде тым қаталмын, қаттымын. Менің қаттылығыма әріптестер шыдас бере алмай, әлсіздік танытпаса екен деймін. Менің айналамда әлсіз әріптес жоқ деп есептеймін.
Карантинде бетперде киіп жүреміз ғой. Бетпердесіз өмір сүрейікші деймін. Жалпы мәдениет саласында жүргендегі ұстанымым – сахнаға сатқындық жасамау. Себебі сахна сатқындықты көтермейді. Ол – киелі. Мүмкіндігінше адал да абыройлы қызмет етуді өзіме міндет етіп келемін.
– Әдемі әңгімеңізге рахмет! Қызметіңізге табыс, шығармашылық еңбегіңізге шабыт тілейміз!