Шиелінің су айдындарында рейдтік жұмыстар жүргізілді
Жаймашуақ жаздың келуіне де бір ғана күн қалды. Содан кейін шомылу маусымы әдеттегінше ашық. Бірақ күн райының құбылуына байланысты жұрттың өзен-көлге беттей алмауы мүмкін. Күн сәл ысыған соң, жағажай маңын қара-құрым халық басатыны сөзсіз.
Иә, жаз мезгілінің бір қызығы да осы емес пе?! Аптап ыстықта суға түсетіндердің саны артқан сайын құтқарушылардың тынымсыз жұмысы басталады. Абайсызда ажал құшып, жағажайда бақытсыз жағдайға душар болғандарды да естіп жатамыз. Мәселен, өткен жылы ауданда 2 адам қаза болған.
Мұндай қайғылы жайттың орын алуының бірден-бір себебі – ата-анасының қарауынсыз баланың тыйым салынған жерлерге суға түсуінен болатынын айтады мамандар. Оған спирттік ішімдік ішіп суға түсетін үлкендерді қосыңыз. Сонымен қатар сала мамандары қайғылы жағдайлар орын алмас үшін судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі ескеру қажет дейді. Егер балалар жүзу білмесе, белден жоғары деңгейде түспеуі қажет. Ата-аналар да балаларын қараусыз қалдырмағаны абзал. Тағы бір ескертетін жайт – суы бар жердің бәріне шомылуға болмайды. «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» дейді қазақ. Асау өзеннің ағысы ағызып алып кететіні яки тұңғиық көлдің тартып алатынын қаперден шығармаған жөн.
Су жағасында орналасқан елді мекеннің бірі – Бәйгеқұм. Балалар жаз басталып, күн төбені тескенде аптап ыстықтан қашып, көлге ағылады. Ханқожа көлі маңында тұратын тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды.
Расымен, бір кездері дәл осындай оқиғалар болған. Ойнаймын деп, от басып, абайсызда ажал құшқандар да болды. Сақтық шараларын сақтау – судағы басты қауіпсіздік талабы болмақ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың да үлесі басым. «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөзді ұқтыру – үлкендерге міндет.
Бүгінгі күннің батыры
«Ел – құлағы елу». Ауыл ішінде жақсы болсын, жаман болсын әйтеуір хабар тез тарайды. Бірақ суыт хабарға қарағанда жанды жадырататын жаңалық естігенді жөн санаймыз бәріміз. Сол секілді есіктен біреу кірсе елеңдеп, «Не айтады екен?» деп отыратынымыз да өтірік емес. Жақында осындай бір жаңалық елдің ішінде желдей есті. Әркім әңгімені өзінше алып кетіп, өз ыңғайына қарай өрбітіп жатыр. Сондықтан мәселенің мәнісін білейік деп оқиға орнында болған кісімен сөйлестік.
Иманәлі Абызбайұлы 1966 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ұл-қызына өнеге көрсетіп отырған үлгілі әке, абыройлы отағасы. Ауыл ішінде де өзіне тән қарапайымдылығымен және адамгершілігімен жақсы таныс. Енді міне, игі мінездеріне тағы бір жан сүйсінерлік қасиет қосылды. Ол – батырлық. Иә, И.Абызбайұлын «Бүгінгі күннің батыры» десек артық айтқандық емес. Себебі суға түсу маусымы басталған шақта бір емес екі бірдей жеткіншекті құтқарып қалу, сол екі балаға қайтадан өмір сыйлағанмен тең. Су тіршілік көзі болғанымен сақтық шараларын сақтамаса тілсіз жауға айналып кетуі қас пен көздің арасында.
«Екі баланың періштесі қаққан екен» дейді көпшілік. Иманәлі Бексейтов санаулы секундтарға кешіксе не боларын елестетудің өзі қиын. Себебі өзінің айтуы бойынша малды кейін қайтарып жатқанда, «Р-7» каналына шомылып жатқан 8-сынып оқушыларын байқайды. Сол мезетте 2 баланы тек қолы ғана шығып тұрғанын көріп, қайырып бара жатқан малын тастай сала, сол күйі суға сүңги түсіпті ағамыз. Шапшаңдығы мен ептілігінің арқасында екі бала да аман. Алайда осы оқиғаны баяндай отырып, әр ата-ана баласына суға түсу қауіпсіздігі мен ережесін үйретсе екен дейміз. Ойын баласы болғандықтан жиі қадағалауды да қажет етеді. Әрине, «Жазмыштан – озмыш жоқ». Бірақ бала – бізге берілген аманат. Жұмыс, үйдің тірлігі деп жүріп қалмай бір сәт балаңызға назар аударып қойыңыз, құрметті ата-ана!
«Шомылу маусымының ашылуымен бірге біздің жаз бойғы тынымсыз әбігеріміз де басталады», – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Әділет Баяхметұлы.
Иә, жаз мезгілінің бір қызығы да осы емес пе?! Аптап ыстықта суға түсетіндердің саны артқан сайын құтқарушылардың тынымсыз жұмысы басталады. Абайсызда ажал құшып, жағажайда бақытсыз жағдайға душар болғандарды да естіп жатамыз. Мәселен, өткен жылы ауданда 2 адам қаза болған.
Мұндай қайғылы жайттың орын алуының бірден-бір себебі – ата-анасының қарауынсыз баланың тыйым салынған жерлерге суға түсуінен болатынын айтады мамандар. Оған спирттік ішімдік ішіп суға түсетін үлкендерді қосыңыз. Сонымен қатар сала мамандары қайғылы жағдайлар орын алмас үшін судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі ескеру қажет дейді. Егер балалар жүзу білмесе, белден жоғары деңгейде түспеуі қажет. Ата-аналар да балаларын қараусыз қалдырмағаны абзал. Тағы бір ескертетін жайт – суы бар жердің бәріне шомылуға болмайды. «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» дейді қазақ. Асау өзеннің ағысы ағызып алып кететіні яки тұңғиық көлдің тартып алатынын қаперден шығармаған жөн.
«Біз өткен жылы аудан бойынша су айдындарында полиция бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп 100 рейдтік тексеріс жүргіздік. «Суға шомылуға тыйым салынады» белгісімен 35 дана тақтайша, 2 мәрте облыстық телеарнада сөз сөйлеу, 150 рет дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы сөз сөйлеу, 10 көрнекі стендттер мен 24 дана билбордтар орналастырдық. Сондай-ақ өткен жылы аудан бойынша 33 суға түсуге қауіпті учаскелердің саны анықталды. Алайда ескертуді елемейтіндер көп. Тыйым салынған жерлерге суға түскендерге әкімшілік айыппұл салынады. Ал балалар суға түссе, оларды бірден полиция алып кетеді. Полиция бөлімшесінде ата-аналар мен балаларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылады. Ал екінші рет қайталанса, әкімшілік айыппұл салынады. Биыл да тиісті жұмыстарға сақадай-саймыз», – дейді Ә.Баяхметұлы.
Су жағасында орналасқан елді мекеннің бірі – Бәйгеқұм. Балалар жаз басталып, күн төбені тескенде аптап ыстықтан қашып, көлге ағылады. Ханқожа көлі маңында тұратын тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды.
«Балаларымыз жаз басталғанда көл жағасынан шықпайды. Күн ұясына батқанша көлге шомылады, қызықтайды, ойнайды. Көл жағасына түгел отбасымызбен барамыз. Алайда кішкентай балаларды көз алдымыздан қалт жібермейміз. Олар суда жүзе алмайды. Қолынан ұстап өзіміз жүзуді үйретеміз. Су жағасында тұрған соң қорқыныш та бар. Балаларымыз ес біліп, есейгенде достарымен бірге көлге барып, ойнап жүріп, қауіп-қатерге душар бола ма деген уайым басым. Достарының «Алысқа барып, жүзе алмайсың» деген сөзіне намыстанып, қаншама бала суға кеткенін көріп жүрміз», – дейді Гүлсінай есімді Бәйгеқұм ауылының тұрғыны.