Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шөмішкөлде жаңа мешіт ғимараты қолданысқа берілді

Шөмішкөлде жаңа мешіт ғимараты қолданысқа берілді



Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Шөмішкөл елді мекенінде «Орал ахун» атындағы мешіттің жаңа ғимараты ашылды.

Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы тұрғындарды құттықтап, мешіт құрылысын жүргізіп, игі істің басында жүрген демеуші азаматтарды марапаттады.

Айта кетейік, мешіттің ескі ғимараты 1993 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келді. Биыл бабаның ұрпақтарының ұйытқы болуымен ашылған жаңа ғимараттың сыйымдылығы 70 адамға арналған.

Орал ахунның 200 жылдығына орай ұйымдастырылған дүбірлі думан мешіттің ашылуымен басталып, ат жарыс, жыр шумақтарын жолдаумен жалғасып, халыққа ас берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
31 мамыр 2023 ж. 105 0