Қызылордалық ақсақалдар аймақтық форумға қатысты
Түркістан төрінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдасырумен, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 930 жылдығына,Түркістан облысының 5 жылдығына орай «Қарттарым – дәстүрімнің қазығы» атты Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары ақсақалдарының қатысуымен аймақтық форум өтті.
Форумды ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, РhD докторы Ықтияр Палтөре жүргізіп отырды. Түркісан облысының бас имамы Ержан Төлепов құран бағыштады. Одан соң Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кіріспе сөз сөйлеп, форуымды ашып берді. Үш аймақтың ақсақалдары алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Науырызбай қажы Тағанұлы тағлымды, мазмұнды баяандама жасады.
Пленарлық отырыста Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Ізгі қоғамды – жақсылықтың жаршысы», Қазақстаның құрметті судьясы Бекеш Тұрғараев «Ізгі қоғам қалай қалыптастырамыз?», Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Салтыбаев «Жауапсыз әке кесірі – қаңғырған тірі жетім-жесірі», Қызылорда облысының ардагерлеріатынан Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил «Ақсақалдарымыз бүгінгі жастарға не үйретуі тиіс?», Түркістан облыстық ақсақалдар алқасынынң төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов «Түркістан – ішімдіктен ада қала» тақырыптарында баяандама жасап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Осылайша қазақтың әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, тілі мен ұлттық идеологиясы, жастарға имани тәрбие беру төңірегіндегі әңгімелер қасиетті Түркістан төрінде көтерілді. Ақсақалдар форумының соңында осы бағытта үндеу қабылданды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы форумға қатысушыларға өз атынан ауыз ашар рәсімін жасады. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек қажы Абуов, Шиелі ауданының бас имамы Бақыт Ұлжаев, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері Тұрмат Баймағамбет пен Болат Күлімбеттер қатысты.