Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде туу көрсеткіші төмендеген

Елімізде туу көрсеткіші төмендеген



Бір жыл ішінде Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мыңға аз деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы туғандардың 51,5%-ы ұлдар, 48,5%-ы қыздар.

241,4 мың бала қалада, қалған 162,4 мыңы ауылдарда дүниеге келген.

"2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,57. 2021 жылы ол 23,5 деңгейінде болды. Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (28,53), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкентте (27,13) байқалды", – деп хабарлады бюро.

Туудың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан (10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан (12,96) облыстарында байқалды.

2022 жылы босанған аналардың  орташа жасы – 31,5 жас (2021 – 29,5 жас, 2020 – 29,3 жас). Алғаш рет босанған аналардың орташа жасы –26,8 жас.

Нәрестелердің төрттен бір бөлігі, яғни 100 мыңы – үйдің тұңғышы, 94,4 мыңы – екінші бала, ал жаңа туған мың нәресте отбасындағы сегізінші бала екені анықталды.
24 сәуір 2023 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30