Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы

Президент: Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қор болашақ ұрпақтың еншісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы. Біз оның ресурсын қажет кезде, дағдарыс кезінде ғана пайдалануымыз керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институтын және жан басына қаржыландыруды, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тартуды толық пайдалану керек», деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев былтыр желтоқсан айында жаңа МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) үлгісін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойғанын еске салды. Жеке серіктестерді таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелген.

«Осылайша бизнесті мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға тартуға жағдай жасалды. Бұл құралды жаңа ұлттық жобаларды жүзеге асыруда барынша пайдалану керек. Үкіметке әлеуметтік саладағы МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын», деді Президент. 
19 сәуір 2023 ж. 364 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930