Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау ұсынылды
Депутат Гауһар Танашева әр балаға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутат атаулы әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төлеуді ұсынды.
«Қазақстан Халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау қажет деп санайды. Бұл жағдайда оларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы - 280 мың теңге, 2 балаға - 140 мың теңге. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына санағанда 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфлияцияның тұрақты өсуі, экономиканың тұрақсыз жағдайы, тұрғын үйдің жоқтығы және жұмыссыздық ескерілмеген», деді депутат Гауһар Танашева.