Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылыми дәрежесі бар атқамінерлер

Ғылыми дәрежесі бар атқамінерлер


(Фото: Egemen.kz. сайтынан алынды)

Мемлекеттік қызметте жүрген министрлер мен депутаттардың арасында ғылыми атақ-дәреже алғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Ақпарат және қоғамдық даму министрі. Ыстанбұл университетін бітірген. Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Еңбек жолын 2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының доценті болып еңбек еткен. 2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дүниежүзілік тарих, археология және этнология кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.

Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі. Маршаллтаун колледжін (АҚШ), Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетін, La Sapienza (Италия) университетін бітірді. АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Оралов Асхат Раздықұлы – Мәдениет және спорт министрі. 2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2014 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында магистратураны тәмамдаған. 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін алды.

Ғани Бектайұлы Бейсембаев – Оқу-ағарту министрі. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі. 2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы осы университетте халықаралық қатынастар магистрі атанды, 2016 жылы Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD докторы дәрежесін қорғады. 2014-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.

Аймағамбетов Асхат Қанатұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин – ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы. 1990 жылы Алматы энергетикалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Геоэкология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академик кеңесшісі.

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Жоғары, ғылым кандидаты 1984 – 1991 ж.ж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті; 1995 – 1996 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі; 1998 – 2000 ж.ж. Жетісу экономикалық институты; 2011ж. – қазіргі кезде – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Уфа мұнай институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы.

Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 1993-2000 жылдар аралығында - Қарағанды Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы; 2000-2022 жылдар аралығында - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры.

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. 1990 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты, мамандығы «Тексеру және бақылау» 2011-2014 жж. - Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары кәсіби білім беру мекемесі Ресей академиясы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі - іскерлік әкімшілік Докторы (Doctor of Business Administration (DBA)
12 сәуір 2023 ж. 189 0