ДАЛА БЕЗГЕН БАЛАҒА ДАУА БАР МА?
Жыл сайын үйден қашатын балалар саны артып келе жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Олардың басым көпшілігі – 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұрын осы кезге дейін далаға безген баланың дені қолайсыз отбасынан шыққандар болса, бүгінде толық әрі әлеуметтік жағдайы жақсы отбасының балалары да қашуды әдет қылып алыпты. Мектепте, көшеде болсын, жасөспірімнің әрекетін сырттай бақылап, оның теріс әрекетке бармауын қадағалап, оқыс оқиғалардың жолын кесетін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция қызметкерлері кенттегі 7 мектепте жауапты етіп бекітілген. Ал әр ауылдық округ учаскелік полиция қызметкерлеріне міндеттелген.
Қазір «жасөспірім жоғалып кетіпті», «үйінен қашып кеткен», «ата-анасына өкпелеп, кетіп қалған» деген сарындағы ақпараттан көз сүрінеді. Осыны алға тартып, біз де аудандық полиция инспекторына хабарластық. Берген дерегі бойынша, 2022 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 3-тен 1-ге азайған. Нақтылайтын болсақ, өткен жылы орын алған қылмыстардың 1-і колледж студентімен, 4-і мектеп оқушыларымен жасалған.
Қазір «жасөспірім жоғалып кетіпті», «үйінен қашып кеткен», «ата-анасына өкпелеп, кетіп қалған» деген сарындағы ақпараттан көз сүрінеді. Осыны алға тартып, біз де аудандық полиция инспекторына хабарластық. Берген дерегі бойынша, 2022 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 3-тен 1-ге азайған. Нақтылайтын болсақ, өткен жылы орын алған қылмыстардың 1-і колледж студентімен, 4-і мектеп оқушыларымен жасалған.
– Әрбір қылмыс пен ауыр оқиғалар ұсақ-түйектен бастау алатындығын ескере отырып, жасөспірімдермен жасалған қылмыстарға, құқық бұзушылықтарға бей-жай қарауға болмайды. Осы мақсатта «Бала және отбасы», «Түнгі қаладағы балалар», «Демалыс», «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз, балалар», «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, өткен жылы 734 құқық бұзушылық, кезбелікке салынған, қаңғыбастыққа үйір 3 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) заңды өкілсіз ойын-сауық және тұрғын жайдан тыс (сағат 23:00-ден кейін) жүрген 572 жасөспірімге, балаларды тәрбиелеу мен білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған 10 ата-анаға тиісті әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ 1 ата-ана өз міндетін орындамағаны үшін сот құзырымен ата-аналық құқығынан шектелді. Рейдтік шаралар барысында кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 7 компьютерлік ойын орталығы мен оларға темекі бұйымдарын сатқан 2 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Шиелі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Абай Мадиев.
Ал биыл белгіленген уақыттан заңды өкілінсіз жүрген 156 жасөспірім жеткізіліп, ата-анасына тиісті шара көрілген. Мұнымен қоса, осы жылы әке-шешесінің тәрбиесіне көнбей, білім алудан жалтарған, құқық бұзушылыққа бейім 1 жасөспірім девинатты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына сот шешімімен жолданыпты. Жыл басынан бері ұйымдастырылған рейдтік шара барысында 4 компьютер ойын ортылығы мен темекі бұйымдарын сатқан 1 дүкен иесі жауапқа тартылған.
Абай Мадиев бүгінде толық отбасынан шыққан балалар да кезбелікті әдетке айналдырғанын айтып отыр.
Маман мұны отбасындағы жалғыз баланың еркелігіне баласа, психологтар тәрбие стиліне назар аудару керек екенін айтуда.
Сөзіміз сұйық болмау үшін арнайы психологпен байланысып, маман кеңесіне жүгіндік. Аудандық емхананың психологы Арай Базарбаева «Бала жастайынан еркіндікке үйренген болса, жасөспірім кезінде мектепте туындаған қиындықтарға шыдай алмай, үйден қашып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ата-ана сөзін құлаққа ілмей, кезбелікке салынып, жаман қылыққа әуес болуы мүмкін» дейді. Сондай-ақ үйден кетудің тағы бір себебі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болмауы екен.
– Тәрбие стилі әке жағынан қатал, шеше жағынан еркін болатын болса, екеуінің арасындағы келіспеушілік салдарынан бала өз үйінде өзін жат санай бастайды. Тағы бір себеп – баланың әлі де болса өзін ересек адам ретінде сезіне алмауы. Жасөспірімдік кезең – баланың ересек кезеңге өтетін шағы. Яғни ата-ана балаға әлі де сәби тәрізді қарап, көзқарасын, қалауын ескермеуі мүмкін. Осыған байланысты өзін ересек ретінде көре алмаған, ойын, пікірін, эмоциясын көрсете алмаған бала сыртта, достарының арасында өзін ересек ретінде сезінуді артық санап тұрады. Оның нәтижесі ауыр салдарға алып келуі мүмкін, – дейді Арай Базарбаева.
Қазірден тәртібі қиын бала, есейе келе қылмыстың ауыр түрін жасауға бейім болады. Ал оны дер кезінде тоқтатып, қоғамның қалыпты мүшесіне айналдыру құқық қорғау құрылымының ғана емес, баршамызға ортақ міндет.
Сұлушаш МАДИЯРОВА