Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды



Бүгін «Қазгидромет» республиканың алты өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын айтып, ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Ақтөбе облысында тұман болады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 4 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні - 23 м/с.
Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
06 сәуір 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30