Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымында қалды

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымында қалды



Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

Мансабы:
1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С.Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;
Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған.
1989 жылы Кеңес одағының маршылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін «шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер» мамандығы бойынша аяқтаған.
2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын, 2017 жылы «Тұран» университетін «құқықтану» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының магистрі.
«Құрмет» (2013 жылы), ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен (2021 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.
 
1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонаев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
1996 жылдың маусым айынан бастап Алматы облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығы бастығының орынбасары;
1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;
1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;
2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығы;
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
04 сәуір 2023 ж. 228 0