Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылыштары көрсетілді

Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылыштары көрсетілді

Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Батыр бабалары" мемориал кешенінде бірегей жәдігер сақтаулы. Бұл –Кенесары ханның қарындасы әрі қаруласы, ержүрек жауынгер Бопай ханымның қылыштары. Жуырда жәдігер қалың жұртшылыққа таныстырылды, – деп хабарлайды 24.kz сайты.

Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылыштары көрсетілді

Мемориалдық кешен қоры жыл сайын құнды жәдігерлермен толығып отырады. Әскери тақырыпқа үлкен мән беріледі. Ұзындығы бір метрге жуық Бопай ханымның бірегей қылышын Айдар Тастеміров музейге тапсырған.

"Құнды жәдігердің бірі – Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышы. Қару 1845 жылы Санкт-Петербургте Николай Вильгельм Шафпен мен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған", – дейді мұражай меңгерушісі Орынбасар Әлім.

Тарихта өшпес із қалдырған қолбасшы әйел 600 сарбаздан тұратын отрядты басқарды. Кенесары хан өз қарындасын жоғары бағалап, жаужүрек ханшайым шайқастарға қатысқан.

"Бізге жеткен деректерге қарағанда, ол Кенесары әскерін қамтамасыз етуге де жауапты болған, садақа жинап, Кенесары құрған хандықтың ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан. Бопай әділдік сезімі биік, ержүрек, халқын шын сүйетін", – дейді Байжанов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Жанерке Баймолдина.
26 наурыз 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930