Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сымбатпен сырлы жүздесу

Сымбатпен сырлы жүздесу


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталған болатын. Сол жобаға Қызылорда облысының атынан қатысқан Сымбат Абдрахманова Шиелі ауданының
жастарымен жүздесті. Кездесу аудандық «Арман» мәдениет үйінде
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдана Маманованың ұйымдастыруымен өтті.
«Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр...», - делінген Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.
Аталмыш мақала аясында онлайн дауыс беруге Қазақстан Республикасы бойынша 302 кандидат ұсынылып, қатарластарынан оқ бойы озық шыққан жерлесіміз 10679 дауыс жинап, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енді. «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің бөлім меңгерушісі, педагог-психолог, аудармашы С.Нұртазақызы «Көңілді түстер», «Дыбыстарды машықтандыру» тақырыбындағы тіл мүкістігі бар балаларға арналған дамытушы мультфильмдердің және «Логоритмика» атты әдістемелік құралдың авторы. Жүздесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып, қызықты әңгіме өрбітті.

Г.ДҮЙСЕБАЙ.
21 сәуір 2018 ж. 1 007 0