Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет: Ірі инвесторлар қазақстандық кадрларды оқытуға міндетті

Үкімет: Ірі инвесторлар қазақстандық кадрларды оқытуға міндетті

2023 жылдың ақпан айынан бастап ірі инвесторлар үшін Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу және қолданыстағы жобаларды жаңғырту мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді.

Үкімет: Ірі инвесторлар қазақстандық кадрларды оқытуға міндетті

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына енгізілген тиісті түзетулерге қол қойды.
Түзетулерге сәйкес:
Үкіметпен Инвестициялық міндеттеме туралы келісім бекітуді жоспарлап отырған заңды тұлғалар үшін Қызметтің басым түрлерінің тізбесі алып тасталды. Бұл келісім бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге салық мөлшерлемесі белгіленеді, ал инвестор оның өтеуі ретінде қомақты қаражат салуға, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға, қазақстандық кадрларды оқытуға және т.б. міндеттеледі.
Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Яғни, енді ірі компания немесе кәсіпкер бұл тізімге енгізілмеген кез келген инвестициялық бағытты еркін таңдап, Үкіметпен Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасай алады.
Тыйым салынғандар санатына:
  • акцизделетін өнімдердің көтерме саудасы және (немесе) өндірісі
  • лотерея өткізу
  • ойын бизнесі саласындағы қызмет және т. б. барлығы 14 тармақ жатады. Барлық басқа бағыттар бойынша шектеулер жоқ.

15 наурыз 2023 ж. 119 0