ІЛКІМДІ ІСТІҢ ИГІЛІГІ МОЛ
Шиелі топырағы таяқ тастасаң тал болатын құтты мекен. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтай Еңбек Ері, 10 ғасыр адамының бесеуі шыққан қасиетті қоныс. Әсіресе, ауданда, оған қарасты ауылдарда істеліп жатқан толымды тірлік көп. Ырыс пен берекенің бастауы болған көктем мезгілі Сыр диқандарының қауырт еңбекке кірісетін шағы. Тоқсан сайын халықпен кездесуді үрдіске айналдырған аудан әкімі Нұржан Ахатов ауылдарды аралап, өзекті мәселелерді тыңдауға басымдық берді. Алдымен еңбегімен ері, өнбегімен жері сыйлы болған, елге белгілі 16 Социалистік Еңбек ері шыққан Ақмая ауылының тыныс-тіршілігін білмек ниетте аталған ауылға табан тіредік.
– Үш ай бұрын өздеріңізбен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді түртіп алдым. Тағы да айтар талап-тілектеріңіз болса, не сол жиынға қатыса алмай қалған кісілер болса тыңдауға дайынмын, – деді 3 айлық есебін қысқа қайырған аудан басшысы.

Ақмая ауылдық округінде өткен кездесуде шаруа қожалығынан бөлініп шығып, жер үлесін өздері пайдаланғысы келетін бірнеше ауыл тұрғынына жер үлесін алудың заңды жолы түсіндіріліп, қожалық басшылығымен бірге ортақ шешім шығарылған. Сондай-ақ мектеп ғимаратының жылу жүйесін көгілдір отынға ауыстыру мәселесі айтылып, осы бойынша білім бөлімінің өкілдері білім басқармасына 3 млн 600 мың теңге көлемінде өтінім берілгенін айтып, «мәселе жуырда шешіледі», – деді.
ЕЛДІГІ МЫҒЫМ ЕҢБЕКШІ
Екі жарым сағатқа созылған жиыннан соң, есеп беру сапары Еңбекшіде жалғасты. Кездесу барысында Н.Ахатов аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы жоспарларды жып-жинақы етіп айтып шықты. Содан кейін дәстүрге сай сұрақ-жауап кезеңіне өтті. Сұрақтардың ауаны да айқын. Олар: жедел-жәрдем көлігінің тозығы жеткендігі, ауылдарды мейлінше абаттандыру, ұры-қарыларға тосқауыл қою, тағысын тағы.

Аудан әкімі жедел-жәрдем көлігінің мәселесіне байланысты былай деді:
– Аудандық денсаулық сақтау бөлімі тарапынан облыстық денсаулық басқармасына 2023 жылға аудан бойынша 27 жедел жәрдем мен 3 реанимобиль автокөліктеріне бюджеттік өтінім берілді. Берілген ұсыныстың орындалуына қарай бірінші кезекте кент орталығынан шет орналасқан елді мекендерге жедел жәрдем көлігі үйлестірілетін болады. Шалғай ауылдар қамтамасыз етілгеннен кейін реттілігі мен қажеттілігіне қарай қалаған елді мекендер қамтылады.
Сонымен қатар аталған мәселені ауданаралық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Әмірге тапсырды. Бас дәрігер барлық ауылдарда осыған ұқсас жағдай қайталанып отырғанын, алдағы уақытта басқарма тарапынан жедел-жәрдем көліктері берілсе қажеттілігіне сай ауылдарға кезең-кезеңімен берілетінін жеткізді.
Еңбекші ауылында тындырымды тірліктер көп-ақ. Тау тұрғындары әуелден мал шарушылығымен айналысуды басты назарға алған. Бүгінгі таңда мұнда 5230 бас мүйізді ірі қара, 27776 бас уақ мал, 1219 бас жылқы, 434 түйе тіркеуде тұр. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен.
Мұнан соң аудан әкімі ауылдық округке қарасты Қосүйеңкі елді мекеніне қатысты ақжолтай жаңалықты жеткізіп, тұрғындарды бір қуантты. Дәлірек айтқанда, биылғы жылы Қосүйеңкіде көптен бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі оң шешімін таппақ. Сондай-ақ ауданға қарасты Ақтам, Қызылқайың ауылдарының да ауыз су мәселесі шешілуге таяу.
Иә, береке дейтұғын ұлы қасиет – бірлігі бекем елдің босағасынан аттап, төріне озатыны белгілі. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы да арта берері ақиқат. Тау халқының бүгінгі тіршілігінен біз қазақылықты сақтап, болашаққа зор үміт артып, сауатты іс-әрекет жасай білетін жамағат деп білеміз.
ӨНЕРЛІЛЕР ОРДАСЫ
Есеп беруші делегация Жиделіарық елді мекеніне атбасын бұрып, ондағы ауыл тұрғындарымен кездесті. Бүгін де аудандық мәдениет саласындағы өнерпаздардың басым көпшілігі осы құтты мекеннен түлеп ұшқан түлектер. Өздеріңізге белгілі Шиелінің атын Астананың төріне шығарып, республикалық ақындар айтысында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген Ержан Әміровтің өнері айтыс сүйер ағайынға жақсы таныс. Одан бөлек жезтаңдай әнші мен домбыраның құлағында ойнаған күйшіні іздей қалсаңыз осы мекеннен табасыз. Өнерлі ауылдың жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытқан ауыл тұрғындары оң жамбастарына келетін түрлі сала бойынша елде кәсіп ашып, мемлекеттен жеңілдетілген несие алған.

Жиделіарық елді мекенінің тұрғындары болса, «биыл ауылға газ кіреді» деген қуанышты жаңалықты естіп бір марқайып қалған-ды. Ендігі жалғыз алаңдайтын жайлары, осы газ жүйесі жүргізілген сәтте асфальт жабындысына зиян келмесе дейді. Бұл уәжді тыңдаған аудан әкімі Нұржан Ахатов газ жүйесі жүргізілген сәтте ел азаматтары бірігіп бақылау жасаса деген ұсыныс айтты. Мұнан бөлек тұрғындар ауыл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу, егістік жерлерге қатысты туындаған мәселесін айтып, жауапты сала мамандарымен бірге шешу жолдарын қарастырды.
Әлгінде ғана Жиделіден мәдениет саласындағы өнерпаздардың басым көпшілігі түлеп ұшқанын тілге тиек еттік. 1969 жылы іргетасы қаланған, жарты ғасырдан аса ауыл, аудан мәдениетіне дамылсыз қызмет етіп келген мекеме ғимараты бүгінде жаңаланып, ел игілігіне берілді. Өнерлерімен өрге озған өрендері көп ауылда шығармашылыққа шабыт беретін жанға жайлы мәдениет үйінің жаңаланғаны дұрыс һәм сауапты іс.
Есепті жиыннан ел азаматтарының еселі еңбегіне ризашылығын білдірген ауыл ақсақалдары өзінше тәубе десіп, тарқасты.
КЕРДЕЛІНІҢ БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ
«Сыр елі, жыр елі» деген атақ-абырой сырбойылықтарға жайдан-жай беріліп, не болмаса сөздің ұйқасыменен айтыла салған жоқ. Мұның артында қаншама сүлейлер мен шайырлардың еңбегі жатыр. Сонымен қатар Сыр халқының ән мен жырды жанындай жақсы көріп, жатқа айтып, бабалардан мұра ретінде қалған дәстүрлі өнерге қиянат жасамай, болашаққа сол күйінде табыстап келе жатқандығына берілген баға деп білеміз. Иә, сүлейлердің соңғы тұяғындай болған Нартай Бекежановтың да Сыр елінің жыр елі атануына қосқан үлесі орасан. Сырнайын сүйрете жүріп, елдің атын сол уақытта КСРО халқына танытты. Қазақтың марқасқалары мақтап, өнерін бағалаған Нартай Бекежановтың есімі өзі туып өскен өңірде де үнемі ескеріліп, мерейлі жасы тойланып, ән-жырлары ұлықталып келеді. Мұнан бөлек Құрманбек Бекпейісов бастап ашып берген «Нартай өнер мектебі» ауданда тұрақты жұмыс істеп, өнерлі өрендерді баулып жатыр. Кіндік қаны тамған ауылына ақынның аты берілді. Бұл дегеніміз – елім деген ерді, елі ескеріп, жақсылығын жадында сақтай білгендігінің белгісі дер едік. Ауданы әкімі Нұржан Ахатовтың есеп беру жиыны Керделі ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде жалғасты.

Керделідегі халықпен кездесу барысында тұрғындар ауылда айтарлықтай мәселенің жоқтығын айтып, аудан басшыларына алғыстарын білдірді. Мәселен, өткен жылы Керделі көшелеріне толықтай асфальт жабындысы төселген. Көшелерінің көп бөлігі түнгі жарық шамдармен жарықтандырылып, спорт кешені, медициналық амбулатория секілді нысандар ел игілігіне жарап тұр. Дегенмен тұрғындар кездесу барысында «ауыл әкімдігіне жаңа ғимарат берілсе» деген өтініштерін де айтып қалды.
Сонымен қатар 3 ай бұрынғы кездесуде ауыл тұрғындары «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» авто трассасынан Н.Бекежанов елді мекенінің кіре берісіне ауылдың төл құжатын жаңадан орнату туралы тілегін айтқан болатын. Бұл мәселеге байланысты аудан әкімі «аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданғанын» жеткізді.
Сұлушаш МАДИЯРОВА