Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

Елімізде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

Көлікті заңдастыру шарасы жүзеге асырыла бастаған 20 күнде 27 мыңға жуық көлік тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.



Сайттағы деректерге қарағанда, тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, әрі тіркеуге жіберілді.
Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін талдау жүргізуде.
Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.
«Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
14 ақпан 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930