Әскери борыш – абыройлы міндет
Сейсенбі күні Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық акция өтті. ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті мен Жастар ресурстық орталығы, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының бірлесе ұйымдастырған шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Кеңейтілген құрамда өткен отырысқа ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Ғалымжан Қаршығаұлы, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі полковник Қуаныш Зекенұлы, ҚР ҚМ Заң департаментінің өкілі подполковник Полатхан Алдабергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов қатысты.әскери қызметшілер мен «Жас сарбаз» жастар қозғалысының мүшесі, оқушылар мен колледж студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов сөз алып, Сыр еліне келген офицерлер мен әскери қонақтардың жұмыстарына толайым сәттіліктер тіледі.
Сонымен қатар ауданға жұмыс сапарымен келген делегация әскер саласындағы медициналық және тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскерге шақыру тізіміне тіркеу тәртібі және әскери есеп пен қызметтің заңнамаларының негізгі ережелері бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан бойынша 800 мыңнан астам әскерге жарамды азамат бар. Жыл сайын 34-36 мыңы әскер қатарына шақырылуда. Өткен жылы күз мезгілінде 18 мың азамат әскер қатарына шақырылған. Ал жалпы көктем және күзгі шақыру мерзімдерін қоса есептегенде олардың жалпы саны 36 мың адамға жеткен. Биыл барлығы 110 000-нан астам жас әскери есепке қабылданады деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, өткен жылы ауданнан 181 азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.
Иә, әскер – өмір мектебі. Ол ата-анасының жанында қиындық көрмеген кез келген бозбаланы ширатып шыңдайды, өз бетінше өмір сүруге тәрбиелейді. Сондықтан әр қазақ азаматы сарбаз ретінде сап түзеп, әскери мектепте шыңдалудан қашпауы қажет.
Дархан Байтілес