Интернет жылдамдығы қашан жөнделеді?
Елімізде интернет сапасы нашар. 6400-ден астам ауылдың 74 процентінде ғана жоғары жылдамдықты ғаламтор бар. Мәселе өңіріміз үшін де өзекті. Байланыстың нашарлығына қатысты арыз-шағым да көп. Өткен жылдың соңында Мәжілісте байланыс мәселелері жөнінде баяндама жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасының төмендігіне сұраныстың артуы себеп екенін айтқан еді.
Жалпы әлемде интернетке салмақ түсіп жатыр. 2021 жылы жер-жаһандағы интернет пайдаланатын адамдар саны 4,9 млрд-тан асқан. Осы уақытта елімізде интернет пайдаланушылар саны 90,9% болды. Трафиктің өсуіне абоненттер белсенділігі себеп. Дүкендердің тауарларды, тағам мен дәрі-дәрмекті үйге жеткізу тапсырысын интернет арқылы қабылдауы, жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті қолданудың артуы, үйден онлайн жұмыс істеуге көшу және оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуы да әсер етіп отыр.
Қолданушылар саны ғана емес, олардың интернет пайдаланатын уақыты да өскендіктен, байланыс инфрақұрылымына салмақ түсіріп отыр. Бірақ, бұл – мәселенің бір шеті ғана.
Тарифтер жыл сайын өскенімен, салаға салынатын инвестиция көлемі күрт төмендеген. Өткен жылы сапасыз интернет үшін айыппұл көлемі 10 есе, яғни 300 мыңнан 3 миллионға дейін өскен. Салынған айыппұл 6 еседей артып, 1 миллиард 200 миллион теңгеден асып кеткен. Бірақ операторлар байланысты жетілдіруге қаржы құюға ынталы емес.
Салдарынан экономика зардап шегіп отыр. Мысалы, былтыр интернет жұмысындағы ақаулардан еліміз 400 млн доллардан астам шығынға ұшыраған. «Top10VPN» сарапшылары дайындаған антирейтингте Қазақстан Ресей мен Ираннан кейін үшінші орында.
Бірінші орында Ресей интернеттің үзілуіне байланысты рекордтық 21,59 миллиард доллар жоғалтты. Екінші орынды 773 млн доллар шығынға ұшыраған Иран иеленді. Ал Қазақстан 410,3 млн доллар жоғалтқан.
Елімізде интернеттің үзілуі негізінен былтырғы қаңтар оқиғасымен байланысты. «Қанды қаңтардағы» бұғаттаулар мен басқа да ақауларды қоса есептегенде, былтыр Қазақстандағы интернеттің үзілісі 144 сағатты құраған. Одан ел бойынша 16 миллионға жуық интернет пайдаланушы зардап шекті.
Мәселе былтыр Мәжілісте де көтеріліп, операторларға қосымша жабдықты орнатқаннан немесе өз желісін дамытқаннан, айыппұл төлеген ыңғайлырақ екені айтылды. Бұл ретте, ай сайын тарифті толық төлеп отырған қарапайым тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Мәжіліс депутаттары ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін айыппұлды көбейтетін және байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасында айыппұл көлемі 1000 АЕК-ке дейін және қайта жасалған заңбұзушылық үшін 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Дегенмен, елімізде интернет пен ұялы байланыс сапасына шағымданып жатқан азаматтардың саны өсіп келе жатқаны байқалып отыр. Ауылдық жерлерде байланыс сапасы өте нашар. Интернет мәселесімен тек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі айналысады. Оған қоса, ауылдарға интернет жеткізуге тиіс байланыс операторлары кейінгі жылдары айыппұл төлеуден аса алмай отыр. Тіпті бірнеше жыл бұрын ұялы байланыс операторлары 200 ауылда интернет бар деп жалған ақпарат беріп, соған орай тексеру де жүргізілген. 2021 жылдың өзінде мұндай фактілер бойынша 140 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған екен.
Ірі қалалар мен мегаполистердің өзінде де интернет әлсіз. Өткен бейсенбіде ведомство алқасында Премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне Қазақстандағы интернеттің сапасыздығы үшін ескерту жасап, мәселені тез арада шешуді талап еткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық қалалар мен аудан орталықтары, сондай-ақ республикалық және негізгі облыстық автожолдар сапалы ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс екенін еске салды. Үкімет басшысы Қазақстанды цифрлық аймақтық хаб ретінде дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Бағдарлама Қазақстанда трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдарды салуды қарастыруы тиіс. Бұл кабельдер Еуропа мен Шығыс Азия елдерін байланыстырады. Көктемге дейін аталған жобаларды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі жоспары қабылдануы керек. Сондай-ақ 2027 жылға дейін ел аумағын 5G байланысымен толық қамту жоспарлануда.
Бірақ, байланыс сапасын арттыру, ауылдық жерлерде интернет сапасын жақсарту бойынша жақын уақытта ілгерілеу болады деп айту қиын. Салалық министрлік бұған дейін де көптеген жобалар ұсынған. Айталық, өткен жылдың соңына дейін кеңжолақты интернетпен 5 мыңға жуық елді мекен қамтылып, 18 миллионға жуық адам немесе халықтың 97 процентіне интернет қолжетімді болуы тиіс еді. Ал қалған үш пайызы спутниктік байланыспен қамтамасыз етілуі керек болатын. Алайда, интернетпен қамтамасыз етуде ауылдардағы қиындықтар сол күйінде қалып отыр.
Биболат СӘТЖАН