АС АТАСЫНЫҢ ҚҰНЫ НЕГЕ АСПАНДАМАҚ?
Алдағы айларда нанның бағасы өсуі мүмкін. Яғни астықтың құны шамамен 10 процентке өспек. Бұл – сала мамандарының пікірі.
Ас атасының қымбаттауына тағы бір себептің бірі – еліміздегі ең төменгі жалақының көтерілуінен. Және «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тапқан табысынан мемлекетке 3 процент салық төлеуінен», – дейді мамандар.
Ас атасының қымбаттауына тағы бір себептің бірі – еліміздегі ең төменгі жалақының көтерілуінен. Және «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тапқан табысынан мемлекетке 3 процент салық төлеуінен», – дейді мамандар.
Бірқатар өңірде нан бағасы бірден 10 теңгеге өсті. Мәселен, Павлодарда бір бөлке 1 ай бұрын 80 теңгені құраса, қазір 90 теңгеден сатылып жатыр. Бұдан бөлек Орал, Шымкент және Қостанайда баға 10 теңгеге қымбаттады. Ал Атырау, Қарағанды, Қызылордада 5 теңгеге көтерілді. Наубайшылар нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады.
Астық өңдеушілер одағының мәліметінше, елімізде бір жарым аптаға ғана жететін бидай қоры қалған. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай, дау туып жатыр. Егер бидай таусылса барлық диірмен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.
Ұйым ұсынған деректерде бұрын диірмендер бидайдың бір тоннасын 114 мың теңгеден сатып алса, қазір баға 160 мың теңгеге жеткені жазылған. Бірақ оның өзін табу оңай емес. Ал бір тонна астық 160 мың теңге болса, ұнның құны қазірдің өзінде 224 000 теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағасы 235 мың теңгеге жеткенін көрсетеді.
«Өскен өңір» ақпарат