Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа сайлау бұрынғыдан да тартысы өтеді – Жанар Санхаева

Жаңа сайлау бұрынғыдан да тартысы өтеді – Жанар Санхаева

Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтетін болды. Осы жолғы сайлауда біршама өзгерістер бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанар Санхаева да айтты.

сайлау

ҚСЗИ қызметкерінің сөзінше, биылғы сайлаудың ерекшелігі оның аралас сайлау жүйесі бойынша өткізіліп, ұйымдастырылуында. Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша сайлау соңғы рет 2004 жылы өтті. Бұл сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді күшейту мәселесін өзекті етеді. Яғни, дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу.

«Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота беру нормасы жүзеге асырылып, парламенттік оппозиция институты да енгізілген болатын. Биылғы сайлау науқаны да жаңа сайлау шарттарымен ерекшеленетін болады.
Олардың қатарына саяси партияларды тіркеу үшін мүшелер санын қысқарту жатады, бұл іс жүзінде жаңа партиялық қозғалыстарға жол ашты. Мәселен, сайлау жарияланған кезеңде «Байтақ» және «Республика» атты екі жаңа партия тіркелген. Партияларды құрудың жаңа тәртібінен бөлек, партиялардың Парламентке кіруіне қойылатын шекті кедергі де төмендетілді.
Аталған өзгерістер негізінде бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары да қосылып, жаңа сайлау бұрынғыдан да тартысы өтеді деп күтіліп отыр. Бір мандатты үміткерлер Мәжілістегі 29 орынға таласады» - деп түсіндіріп өтті Жанар Санхаева.

Өңірлік деңгейде де айтарлықтай белсенді сайлау науқаны күтілуде. Облыс және Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының депутаттары партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да сайланады. Ал аудандық мәслихат депутаттары толықтай бір мандатты округтер болады.
20 қаңтар 2023 ж. 291 0