ЖАҢАТҰРМЫСТА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбеков пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, сондай-ақ ауыл ардагерлері қатысты. Спортты жанына серік еткен жастарды дамытып, алдағы уақытта болашақ чемпиондарды шығарып, көк байрағымызды көкте желбірету мақсатында ашылған ойын алаңы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Алаңның ішінде балаларға арналған әткеншектер салынып, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Сонымен қатар түрлі-түсті сырлармен әсемделіп, безендірілген балалар алаңына құм төгілген.
С.СҰЛТАН