Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Он сегіз мың ғаламда сіз бен біз білмейтін түрлі қызық бар. Адам баласы мұндай деректерді естігенде немесе көргенде таңданыстарын жасыра алмай жатады. Мәселен сіз жүзімді қысқа толқынды пешке салғанда оның атылатынын білесіз бе? Әрине жоқ. Мұны Америка құрама штаттарындағы ғалымдар іс тәжірибесімен дәлелдеген. Сондықтан үй жағдайында оны мүлде қайталауға болмайды. Осы секілді қарапайым нәрселерді сіздің естімеген немесе білмеуіңіз мүмкін. Олай болса бүгін біз сіз білмейтін қызықты деректермен бөлісетін боламыз.
Жыл сайын екі мыңнан астам солақай қаза болады. Себебі олар оңақайларға қарағанда тетікті басқанда көп қателік жібереді.
Америкада тұратын әйелдердің 60 процентіне өз жұбы жоқ. Сондықтан олар ғашықтар күні мерекесінде өз-өздерне гүл жібереді.
Жер бетіндегі үштен екі пайыз адамның жазу мен сызуға қабілеті жоқ.
Компьютер алдындағы пернетақтада бір шаршы сантиметрден табылған бактериялар мен шаң тозаңдардың мөлшері дәретхана отырғышынан да көп.
Адам ағзадан бөлінетін газды 6 жыл 9 ай ішінде үнемі шығарып отырса, атом бомбасының энергиясын құруға жеткілікті газ өндіреді.
Жапонияның сусами штатында судың астында орналасқан пошта жәшігі бар. Ол жапан халқына танымал жәшіктердің бірі.
Эрнест Винсент Райт атты жазушы «Гэдсби» деген атаудағы роман жазды. Бұл романның өзгелерден айтарлықтай ерекшелігі бар. Оның құрамында 50 мыңнан астам сөз бар, олардың ешқайсысында «Е» әрпі жоқ. Автор оны қолданбау үшін оны жазу машинкасынан алып тастаған.
Қытайдан 70 жыл жуынбаған ер адам табылды. Кейіпкердің айтуынша, ол судан қатты қорқады.
Егер өзіңіз тұратын үйіңізді тез арада сатып жібергіңіз келсе, онда ол үйдің сыртын сары түске бояңыз. Себебі, сары түс көптеген адамға ұнайды және сатылым қабілетіне ие.
Ам баласы 7-8 реттен артық жұтына алмайды. Сенбесеңіз, байқап көріңіз.
Жапондық әйел күліп тұрып жан тапсырған.
Әлем елдерінде жағымсыз иістерді иіскейтін жұмыс бар. Бірақ, мұндай жұмыс істейтін адамдардың табысы қарапайым жұмысшыларға қарағанда екі есе көп.
Ұшақпен ұшатын адамның шашы жер бетіндегі адамға қарағанда тез өседі. Бұған Тайландтық Лиросса есімді әйел тәжірибе жасап көрген.
90 жастағы Бостон қаласында тұратын ер азамат 15 жастар өз немересіне үйленген.
Үндістанда кілемге тұрмысқы шыққан әйел тұрады. Ол бүгінгі таңда сол кілеммен бірге заңды некеде тұрып жатыр.
09 желтоқсан 2022 ж. 125 0