Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰСТАЗ БОЛУ - ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

ҰСТАЗ БОЛУ - ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

Өмірдің өзі – ұстаз. Осы сөздің астарында шексіз ғылым мен білім, мейірімділік пен махаббат бар. Ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Шәкірт тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату, қанаттандыру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Мамандық. Адамның бүкіл ғұмыры дерлік осы тақырыппен етене байланысты. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақылдығы» деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, ұстаз – білім, ғылым негізін өмір бойы қоғамда болсын, шәкірттеріне болсын дәріптеуші, жеткізуші. Ылғи шәкіртімен байланыста болып, ізденімпаздық танытқан, әр баланың арманы мен болашағына басшылық етуді, нақтырақ айтқанда дұрыс жол сілтеуші мамандық иесі болып табылады. Менің осы салаға келуімнің өзі жас күнімнен мұғалім болуды армандап, еліктеуімнің арқасы шығар. Армандай біліп, мақсат қоя білгенімдің арқасында осы мамандық иесі атандым. Өз мамандығыммен мақтанамын. Мектепке келіп, шәкірттерімді көргенде ізденген үстіне іздене бергім, жоғарыға өрлей бергім келеді, одан бетер қанаттана түсемін.
«Жас шыбықты қалай исең, солай майысатыны» секілді баланы жас кезінен бастап тәрбиелеуіміз қажет. Мұғалім – жер бетінде тыныштық пен бейбіт өмірдің орнауын қамтамасыз етіп, өмірде кездесетін қолайсыз не қолайлы жағдайларда өзін дұрыс ұстауға бағыт-бағдар береді, үйретеді. Егер педагог өзін талапқа сай, дұрыс ұстаса, өз ісіне берілген жан болса, онда бізде жарқын және көзі ашық, көкірегі ояу, білімді ұл-қыздар көп болмақ.
Бұрнағыдан бері мұғалімнің атқаратын рөлі қай халықта болмасын ұлық болған. Педагог міндеттері басқарушылар мен ата-аналардың міндеттерімен қатар құрметтелген. Ұстаздар қай кезде де қоғамда үлкен сұранысқа ие, өйткені қоғамдық орындарда болсын, әлеуметтік ортаны қалыптастыру сол мамандық иелерінің қолынан келетін іс. Яғни ұстаз – жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ ұрпақты жан-жақты даярлайды. Зор еңбекті бағалауға Мемлекет басшысы мен білім министрі де өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жеңілдіктермен қатар ұстаз мәртебесінің қайта жандануына өз үлесін қосып жатыр. Тоқырау замандарда айтатыны жоқ, ұстаз мәртебесі өте төмен деңгейде болды. Халықтың көзқарасы да біршама өзгерді. Ал қазіргі уақытта мәртебеміздің көтерілуі үлкен серпін бергендей қанаттандыра түседі.
Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге ғана тән. Демек, қай елдің де өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Арайлым ЖҰМАБЕКОВА,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-
Лицейінің биология пәні мұғалімі
12 желтоқсан 2022 ж. 1 042 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 38

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031