ТҮС КӨРУ БҰЛ...
Жер бетіндегі жеті миллиард адамның барлығы түс көреді. Адамның өмірінің 4-тен бір бөлігін ұйқымен өтсізсе, оның 6 жылға жуық уақытын түс көруге жұмсайды екен. Иә, бақандай 6 жыл. Адам баласы не үшін осыншама уақытын жоғалтуы керек? Біз неліктен түс көреміз?
– Түсті көруге түрлі жағдайлар сеп болады. Мәселен, түңгі ұйқыға жатар алдында тойып тамақ жесе, сол адамнан міндетті түрде қорқынышты түс көреді. Бұл дәлелденген. Қала берді бір ой төңірегінде көп ойлана беретін болса, сол ойы түсінде қандай да бір жағынан шешім таппай жатады. Яғни сананың бір үлкен бейсанаға деген ұмтылысы. Бір сөзбен айтқандай, сөзді саналы түрде басқара алмаймыз, – дейді психолог Аягөз Аяпова.
Әрине, көзбен көріп, қолмен ұстамаған дүниені сөзбен суреттеу де қиын. Десе де, ұйықтар алдында тәубеге келіп, таза жерде оң жамбаспен жату керек деген қағида да жоқ емес. Тіпті 30 парадан тұратын Құран кәрімнің 1 парасы Жүсіп пайғамбардың түс көруімен баяндалады емес пе?
Түстің де үш түрі бар. Бірінші – Шайтани түс. Шайтанның адамды қорқытып, жанын қинап, уайымдайтып, ойына қайғы салу ниетпен көрсететін түстері. Мысалы, құзар шыңнан құлау немесе жүрегің алқымға тығылғандай үреймен шошып оянатын, жалғыздықта, қараңғыда, тұңғиықта қалып қойғандай әсер беретін көріністер көру. Мұндай түстерде түк негіз жоқ. Сол себепті, осындай бұлыңғыр, түсініксіз, үрейлі түстер көрген адам ол түсін ешкімге айтпай, түн ортасында шошып оянған болса, сол жағына үш рет үрлеп, алақанын жайып, Аллаға шайтанның азғыруынан сыйынуы керек. Жадыда сақталып қалған сыртқы ортаның әсерінен көрген түстер. Бұл түс түріне адамның жеке өз жағдайы мен қиялына байланысты түсінде көрген көріністері жатады. Мысалы, күндіз, ояу кезде қазы-қарта, құрт, яғни, тұзды тағам жеген болсаңыз, көп су ішіп жүргеніңізді көруіңіз мүмкін немесе әлдебір нәрсені көп ойлай берсеңіз, сол түсіңізге енуі мүмкін. Бұл секілді түстерді де жорудың қажеті жоқ. Еш негізі жоқ түстер. Шынайы түстер. Бұл – есте айқын сақталатын түстер. Бұл Алла Тағала тарапынан сүйінші, ескерту ретінде көрінетін түстер. Яғни, алдағы болатын жақсылықтан, сәттіліктен, жағымды жаңалықтан келген шүйінші хабар іспетті.
Әдетте адам ұйқыдан оянған соң, 5 минуттан кейін түсінің жартысын, ал 10 минуттан кейін небәрі 10 процентін ғана еске түсіре алады екен. Ата-бабаларымыз бұрнағыда 99 түсті айнытпай жорыған деседі. Халқымыз белгілеріне қарай түс 7 сағатта, 7 аптада, 7 айда немесе 7 жылда өңін айналып көрініс береді деп сеңген. Сол үшін де жақсылыққа ырымдап, кейді тіпті ешкімге айтпай ішінде сақтаған.
Түс жору – үлкен ғылым. Екінің бірі, егіздің сыңары түс жорымайды. Түстің жақсылыққа айналуы көрушіден емес, жорушыдан деген осыдан қалса керек. Әр нәрсені жақсылыққа балап үйреніңіз. Сонда бәрі ойдағыдай болады.